5 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік Қарағандыда ұсталды

Іздестіру бастамашысы – Татарстан Республикасы.

5 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде болған шетелдік Қарағанды қаласында ұсталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 5 қарашада Қарағанды ​​қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жаяу жасағы өз бағытын аралаған. Аулаларды аралап жүргенде полицейлер күдікті адамды байқайды.

Деректер базасын тексеру кезінде 41 жастағы ұсталған адамның бес жыл бойы мемлекетаралық іздеуде екені анықталды. 2019 жылы көлік жүргізу кезінде ол жол ережелерін бұзып, адамның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Іздестіру бастамашысы  Татарстан Республикасы ІІМ, делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.