Халық мені жек көріп кеткендей...: Жазира Байырбекова көпшіліктің пікіріне жауап берді

Танымал эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова оқырмандарының өзін ұнатпай жүргенін сезетінін жасырмады.

Өнер иесі әлеуметтік желіде өзіне жағымсыз пікір жазатын жандарға үндеу жасады, – деп жазады Aikyn.kz.

Ол өзіне айтылған сыни пікірлерден соң, көңіл күйі қатты түсіп қалатынын жеткізді. Бұл туралы Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында видео байланысқа шыққанда айтты.

Әнші жағымсыз пікірлерді оқып, халық өзін жек көріп кетті деп ойлап қалған. Өнер иесі көпшіліктен өзін қатты сөкпеуін сұрады.

"Әріптестеріммен түскен видеоларыма "Жазираны жек көремін. Жазираны көргім келмейді" деген пікірлерді көріп қалдым. Кәдімгідей көңіл күйім түсті. Бұрын маған әріптестерім қызығатын. "Осы саған ешкім жағымсыз пікір жазбайды, бәрі сені жақсы көреді" деп айтатын. Мен соған сеніп жүре бергенмін. Жақсы көріну үшін еш нәрсе жасаған жоқпын. Бірақ кеше желіні ақтарып, халық мені жек көріп кеткендей сезімде болдым. Бірақ мен ойландым. Мен халыққа пайдалы еш нәрсе жасамай жатқан шығармын. Бұл мені қамшылау шығар деп ойладым. Сіздердің сөздеріңіз, жағымсыз пікірлеріңіз, мақтауларыңыз, құрметтеріңіз барлығы менің жүрегіме, көңіліме әсер етеді. Сынасаңыздар, ұрыссаңыздар мен ойлана бастаймын. Қай жерден қате жібердім, нені дұрыс істемей жатырмын деп ойланамын. Кеше кішкене көңіл күйім түсті. Маған не істесеңіздер де, қатты ұрыспаңыздаршы", – деді әнші. 

Сонымен қатар ол тыңдармандарынан кешірім сұраған.