«Арсеналдың» бас жаттықтырушысы коронавирусқа шалдықты
«Арсеналдың» бас жаттықтырушысы коронавирусқа шалдықты
Фото: Интернеттен алынды
143
оқылды
Лондондық «Арсенал» футбол клубының бас жаттықтырушысы Микель Артетадан коронавирус анықталды, – деп хабарлайды BBC. Қазіргі уақытта Артетамен байланыста болған құраманың негізгі құрамы мен клуб мүшелері екі аптаға оқшауланады. «Арсенал» жаттықтыру орталығы жабылды, жақын арада болатын Англия чемпионатындағы клубтың матчтары болмайды. «Жағдайдың бұлай болғанына өзің де таңғалып отырмын. Көңіл күйім нашарлай бастаған соң, тест тапсырған едім. Енді мен жұмысқа мүмкіндік бергенде ғана ораламын, – деді Артета. Айта кетейік, сенбі күні «Арсенал» «Брайтонмен» ойын өткізуі тиіс еді. Бірақ Премьер-лиганың бұл матчын кейінге қалдыруға тура келді.