Біріккен күрес әлемі (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Жәмила Бақбергенова 72 келі салмақ дәрежесінде өз позициясын жақсартып, төртінші орыннан екінші орынға көтерілді. Оның еншісінде 45 000 ұпай бар.
Ал, рейтингтің көшін жапондық Ами Исии бастаса, үздік үштікті румыниялық Александра Николета Ангел аяқтайды.
Айта кетсек, жақында өткен әлем чемпионатында Бақбергенова финалға шығып, жоғарыда аталған Исииге есе жіберген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.