Екі өңірде жол ашылып, бір өңірде жол жабылды

Ақмола облысында қозғалысқа шекеу қойылды.

Елімізде ауа райының бұзылуына байланысты жабылған жолдардың екеуі ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта екі жол ашылған:

– Жамбыл облысы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырымы аралығы (Айша бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы);

– Түркістан облысы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-620 шақырымы аралығы (Жамбыл облысының шекарасы – Тұрар Рысқұлов ауылының шекарасы).

Ақмола облысында қозғалысқа шектеу қойылды.

«2024 жылғы 7 қарашада сағат 01:30-да Ақмола облысында күннің бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.