Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Осы жылдың қазанында ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан азаматы есірткі затын дайындау кезінде ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

5 келіге жуық дайын және 350 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.