Ақылшы болып, демеу берді: Есен Елеукен ел алдында әйелін мақтады

“Жайдарманның” президенті, продюсер Есен Елеукен алғаш рет көпшілікке отбасының фотосын жариялады.

Ол ел алдында әйеліне алғысын жеткізген, деп жазады Aikyn.kz. 

"Күні кеше ғана сияқты еді. Ширек ғасыр өте шығыпты. Осы деңгейде жүргенім отбасымның арқасы. Әрқашан тек қолдау көрсетіп, түсіністік танытты. Сүйікті жұмысыммен айналысуыма кедергі келтірмей, керісінше ақылшы болып, демеу берді. Қос қарлығашымның тәрбиесі осы жанның мойнында. Бар болғаныңа рақмет! Күміс тойымыз құтты болсын", – деп жазды Есен Елеукен. 

Әзіл әлемінің өкілі осы уақытқа дейін әйелінің ұлтына қатысты сауалға да жауап қатқан.

"Ол кісі де өнердің адамы. Киім тігу, жалпы дизайнмен айналысады. Өзінің әлемі бар. Есімі – Евгения. Есімінің де тарихы бар, негізі қазақ. Өз ісі бар, ең бастысы, менің жұмысыма кедергі келтірмейді. Қолдап, өзінің бағасын беріп отырады", – деген еді продюсер.