Астанада қатты жел мен бұрқасын жалғасып жатыр. Қалалық ТЖД жүргізушілерден қозғалыс кезінде өте сақ болуды сұрайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
"Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 8 қарашада түнде қарлы боран боолатынын хабарлайды. Түнде оңтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м/с болады", - деп ескертті құтқарушылар.
Ведомство жүргізушілерге жолда өте мұқият болуды сұрады.
Астана ТЖД азаматтарға қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
- балаларды ерекше бақылауға алыңыз, оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
- егер сіз қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісте немесе дүкенді паналаңыз;
- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
- қатты желде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
- жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.
Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.