Тұман, көктайғақ, жел: 8 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

"Қазгидромет" РМК 8 қарашаға ауа райы боламын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астанада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында жолдардағы көктайғақ сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда түнде тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте түнде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.