«30-дан астам үйге зақым келген»: Павлодар облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Дауылды желдің салдарынан облыстың үш қаласында және олардың ауылдық аймақтарында, сондай-ақ Ақтоғай мен Баянауыл аудандарында 12 әлеуметтік нысан мен әкімшілік ғимараттың, 31 көпқабатты және 3 жеке тұрғын үйдің шатыры мен қасбетіне зақым келген.

2024 жылдың 6-7 қараша күндері Павлодар облысының аумағында екпіні 28-30 м/с дейін жететін дауылды жел тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дауылды желдің салдарынан облыстың үш қаласында және олардың ауылдық аймақтарында, сондай-ақ Ақтоғай мен Баянауыл аудандарында 12 әлеуметтік нысан мен әкімшілік ғимараттың, 31 көпқабатты және 3 жеке тұрғын үйдің шатыры мен қасбетіне зақым келген.

Зардап шеккен қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне жедел түрде Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың отырыстарын өткізу және келтірілген залалды бағалау мен зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы ТЖ жариялау туралы қажетті шешімдер қабылдау тапсырылды.

Электрмен жабдықтау желілерінде 120 апаттық өшіру болды, оның 69-ы жойылды. Қалғандарында жұмыстар жалғасуда. 68 апаттық бригада (180 адамнан астам) және 62 техника жұмылдырылды.

"Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 3 адам зардап шекті. Екі адам жарақат алып, оның біреуі ауруханаға жеткізілді, екіншісі ауруханаға жатудан бас тартты. Бір адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, сіздерден сақтық шараларын сақтауды және аса қажет болмаған жағдайда үйлеріңізден шықпауды сұраймыз", –  делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.