«Келешек» бағдарламасын қарайды

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бірінші оқылымда депу­тат­тарға ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі сала­ларын­дағы нормалардың артық (шамадан тыс) заң­нама­лық рег­ламенттелуін бол­ғызбау мәселе­лері бойын­ша заңнамалық тү­зетулер мен дене шынықтыру және спорт туралы заң жобасын қарау ұсынылады.

Заң жобасында Қазақстан Президентінің «Әділетті Қа­зақ­станның экономикалық бағ­дары» атты халыққа Жол­дауын іске асы­ру аясында әзірленген «Келешек» бірың­ғай ерікті жинақтау жүйе­сінің қызметін құқықтық реттеуді көздейтін нормалар қарас­тырыл­ған. Бұл бағдарлама Мемлекеттік білім беру жи­нақ­тау жүйесінің қолданыс­тағы алаңында жүзеге асы­рылып, ата-аналар мен мем­ле­кеттің бірлескен күші­мен бала­лардың білім алу мүмкін­діктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Депутаттар дене шынық­тыру және спорт мәселелері бойынша да кейбір нормалар­ды жетілдірді. Тиісті заң жо­басы спорттың басым түр­лерін анықтау және оларды қаржыландыру, спорт түрле­рін ранжирлеу жүйесін алып тастау, сондай-ақ мемлекет пен дене шы­нықтыру және спорт субъектілері арасын­дағы өзара әрекеттестікті күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.  Олардың ішінде кре­атив­ті индус­трия­ларды қол­дау және дамыту, мұрағат ісі мәселелері бойынша заң­нама­лық жаңалықтар, сон­дай-ақ бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау бар.