Білікті мамандар тапшылығын шешу маңызды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Ақмола облысы Аршалы ауданында көшпелі отырыс өткізді. Сенаторлар өңірдегі өндіріс нысандары мен білім беру мекемелерінің жұмысымен танысты. Бұл кездесу алдағы «Еңбек адамы – ұлттық экономиканың өсуі мен ұлттың өркендеуінің негізі» тақырыбы бойынша өтетін парламенттік тыңдауға дайындық аясында ұйымдастырылып отыр.

«Жергілікті жерде нақты жағ­дай­ды көзбен көріп, кадрлық мә­селелерді терең талдау – біздің бас­ты мақсатымыз. Білікті маман­дар тапшылығын шешу – бүгінгі күннің басты міндеті. Әрбір жұ­мыс орнының қажетіне сәйкес кадр даярлау үшін білім беру жү­йесі мен өндіріс арасындағы бай­ла­нысты күшейту қажет», – деді Нұртөре Жүсіп.

Комитет мүшелері көшпелі отырыс барысында «Ижевский» өндірістік кооперативі, «Питков­ский» шаруа қожалығы, агро­тех­никалық колледж, SG Brick кір­піш зауыты және SG Beton темір­бетон бұйымдарын шығару зауытын аралады. Сапар барысын­да техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өзекті мәселелері, оның ішінде кадрлық қамтамасыз ету, оқу бағдарламаларын жаңарту, жұмыс берушілермен ынтымақ­тас­тықты нығайту талқыланды. Әсіресе, өндіріс талабына сәйкес мамандар даярлау, әлеуметтік топтама мен ынталандыру шара­ларын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сенаторлар сондай-ақ кәсіби стандарттарды жаңарту, цифрлық технологияны енгізу және аймақ­тың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін инфра­құрылымдық қолдауды дамыту­дың маңыздылығын атап өтті. Парламентшілердің айтуынша, бұл сапар алдағы ақпанда өтетін парламенттік тыңдауға дайындық­тың маңызды кезеңі ретінде қарастырылады. Тыңдаудың басты мақсаты – еңбек нарығын дамыту және кадр тапшылығын жою мәселелерін талқылау арқылы ел­дің экономикалық әлеуетін ны­ғай­ту және тұрақты дамуға ықпал ету.