«Құдайдан сұрап алған әйелім»: Әнші Бүркіт Аишаны мақтады

Ол жарының өтірік айтпайтынын, жасандылықты ұнатпайтынын атап өтті.

Әнші Бүркіт “Сырласу” бағдарламасында жары Аишаның бойындағы қандай қасиеті ұнайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ол жарының өтірік айтпайтынын, жасандылықты ұнатпайтынын атап өтті.

“Өнерде қатар жүрген соң ақшаны бірге табамыз. Жақында Аиша анасына көлік сыйлады. Аиша мен анасы Қарағандыға кетіп қалғанда сыйлықты мен дайындап қойғанмын. “Сен өзің бере бер, анаң қуанып қалады. Өзіңнің тапқан табысыңнан алдым деп есептеші» дегенімде үзілді-кесілді бас тартты. Өйткені өтірік айта алмайды. Басқа біреу болса “Анама мен сыйлап жатырмын” деуші еді. Түрлі парақшаларға салып, мақтанып айтатын еді. Сондай болмысымен мені қатты таңғалдырады. Күн сайын осындай әйел болғанына тәуба деймін. Құдайдан сұрап алған әйелім”, – деп ағынан әнші. 

Ол 14 жылдан бері әйеліне қазақша үйрете алмай жүргенін айтып, өкінішін білдірген еді. 

“Тағы тіл үйрену туралы сұрақ алдымыздан шықты. Мен әлсіз болып тұрмын. 10 жылдан астам уақыт бірге келе жатырмыз. Қазақша түсінеді, бірақ сөйлегісі келмейді. Бір жылдан бері ата-анамызды қолымызға алдық. Олар таза қазақша сөйлейді. Балалардың да тілі қазақша шықты. Аиша қазақ тілін балаларынан үйреніп жүр. Кейде әкем орысша сөйлеп қояды. Сондай кезде тыйып тастаймын. Бірақ Аишаның өзіне қысым көрсетіп, талап етпеймін”, – деген еді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.