Ақтауда қант диабетін тексеру тегін жүргізіледі

Бұл туралы Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Ведомство азаматтарды қандағы қант деңгейін анықтауға қатысуға және қант диабетімен ауыратын науқастарды эндокринологтің кеңесіне шақырады, – деп жазады Aikyn.kz.

14 қарашада атап өтілетін Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне орай эндокринологтар облыс тұрғындарына кеңес береді, сонымен қатар қандағы глюкоза деңгейін, бойы мен салмағын өлшеуге тегін тексеру жүргізеді.