Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары гараждағы өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қостанай облысы Қарасу ауылында жеке тұрғын үй аумағында гараж бен жеңіл автокөлік жанып кетті.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, 30 шаршы метр аумақты шарпыған өртті тез арада сөндірді.
– Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеді, – деп хабарлады ведомство.
Зардап шеккендер жоқ.