Қордайда 17 жастағы қыздың денесі табылды

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қордай ауданында 17 жастағы қыздың денесі табылып, сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, марқұм болған қыз 17 жаста болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды», – делінген хабарламада.