"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметтері бойынша, қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және көрінудің шектелуіне байланысты 4 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс жабық.
Айта кетейік, дауылды ескертулер мен ауа райының нашарлауы кезінде ҚР ТЖМ келесіні ұсынады:
алыс сапарлардан аулақ болу;
ауылдық жерлердің тұрғындары ұзақ жаяу сапарлардан бас тарту;
елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;
жол жабылатын жерлерде көлік құралдарын жинамау;
мүмкін болса, елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерде болу.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.