Швецияның ең көне университетінің ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, сиыр сүтін күнделікті тұтыну жүректің ишемиялық ауруы мен миокард инфарктісінің қаупін арттыруы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz qadamasia-ға сілтеме жасап.
Алайда, сарапшылардың пікірінше, жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупі ер адамға қарағанда әйелдерге көбірек әсер етеді. Зерттеуге 101 мың адам қатысқан.
Тәжірибе барысында күнделікті 400 мл сүт ішу жүректің ишемиялық ауруы қаупінің 5%-ға артуымен байланысты екені белгілі болды.
The Mirror басылымының хабарлауынша, әйелдерде ауру қаупі ішілген сүт мөлшеріне тікелей байланысты екен.
Мысалы, күніне 600 мл сүт ішкендердің жүрекке байланысты проблемалары 12%-ға, ал 800 мл ішкендердің 21%-ға артқан.
Сарапшылар диетадағы сүтті йогуртпен және басқа ашытылған сүт өнімдерімен алмастыруды ұсынады.