Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Бакуге барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне қатыcу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент сапар барысында мемлекеттер басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және бизнес-құрылым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.