Жоғарғы сот кейбір қазақстандықтардың несиесін кешіруді ұсынды

Жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беретін тағы бір жаңалық – несиенің клиенттің қатысуынсыз алаяқтық жолмен берілгені сот актісімен анықталған кезде несиелік ұйымдардың қарызды есептен шығару жөніндегі заңмен бекітілген міндеттемесі болмақ.

Жоғарғы соттың халықаралық кеңесінің отырысында соттарда жасанды интеллектті енгізу және интернет-алаяқтықтан зардап шеккендердің мүдделерін қорғаудың тиімді тәсілдері талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жиынға қатысушылар электронды төлем құралдарын пайдалана отырып несие беру саласындағы жауапкершілікті арттыру арқылы қылмыстық заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.
Сондай-ақ, заңнамаға онлайн-несие беру кезінде міндетті биометриялық аутентификация және зейнеткерлер мен халықтың осал топтары үшін шектеулер туралы түзетулер ұсынылып отыр.

"Жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беретін тағы бір жаңалық – несиенің клиенттің қатысуынсыз алаяқтық жолмен берілгені сот актісімен анықталған кезде несиелік ұйымдардың қарызды есептен шығару жөніндегі заңмен бекітілген міндеттемесі болмақ.Бұл норма несиелік ұйымдарды берілген несиелердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға ынталандыруы тиіс", - делінген хабарламада.

Халықаралық кеңес әзірлеген ұсынымдар уәкілетті органдарға жіберіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.