Үш өңірде 5 қазақстандық ұсталды

Алматыда, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандық ұсталды.

Осы жылдың 7 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық прокуратурасының үйлестіруімен полиция органдарының қатысуымен Алматыда, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандықты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұдан бөлек, тыйым салынған ұйымның әрекетіне қатысқаны белгілері бойынша 17 адамға «шығуға болмайтыны туралы қол қою» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Аталған адамдардың төртеуі бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін соттылы болған, ал тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескертулер берілген.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.