Ұлытау облысында кешкі ас кезінде әріптесіне шабуыл жасаған ер адам сот залында қамауға алынды

К. мен С.-ның арасында сөзге келіспеушілік пайда болып, дауыс көтеріп, балағат сөздер айтылып, жанжал көтеріліп, сол уақытта С. қарсы шығып, К.-ны екі қолымен кеудесінен қабырғаға қарай итеріп жіберген.

Ұлытау аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106 бабы 1-бөлігімен айыпталған азамат К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сотталушы К. жеке адамға қатысты ауыр дәрежедегі қылмыстық құқықбұзушылықты төмендегі жағдайда жасаған:

Ұлытау ауданы Қоскөл селолық округіне қарасты «Көктал» қыстағында орналасқан тұрғын үйде отырып, шаруа қожалығының жұмыскерлері К. мен С. кешкі асты ішу барысында шаруа қожалық иесі Т.-мен бірігіп арақ ішкен.

Кейін шамамен сағат 23.30-да К. мен С.-ның арасында сөзге келіспеушілік пайда болып, дауыс көтеріп, балағат сөздер айтылып, жанжал көтеріліп, сол уақытта С. қарсы шығып,  К.-ны екі қолымен кеудесінен қабырғаға қарай итеріп жіберген.

К. С.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруге бағытталған пиғылын жүзеге асыру мақсатында, оң қолында болған пышақпен С.-ның іш қуысынан бір рет соққы жасап, денсаулығына ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген.

Сотта сотталушы К.-ның кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен толық дәлелденді.

Сот К.-ны ҚК-нің 106-бабы  1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған  3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.

К.-ға жазаны өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесі тағайындалып, сот залында дереу қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.