«Драматургия» номинациясы: Күзгі бал

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы

Бүркеншік аты: Студент

 

КҮЗГІ БАЛ

 

КЕЙІПКЕРЛЕР.

9-сынып оқушылары:

1. Зая 

2. Айша

3. Мадина  

4. Гауһар

5. Арсен  

6. Табылды

7. Мұғалім сынып жетекшісі

 

1-КӨРІНІС

Мектеп. Акт залы. Барлық бала дөңгелене отырады. Мафияның топ басшысына жарық түспейді, түрі бейтаныс болуы керек. Ойынның аты–«Мафия».

Карта таратылады.

ДАУЫС. Мафия ойынын бастаймыз. Карта таратылсын. Бәріміз ұйықтаймыз, мафия оянады.

Мадина тұрады, таңдау жасайды.

Дауыс. Біреулер біздің ойын туралы білетін сияқты?   

Мадина. Кім айтқан?

Дауыс. Бір адамға күдігім бар.

Мадина. Осыдан кім екенін білсем ішек қарынын ақтарамын.

Дауыс. Барынша байсалды бол, ойын қашанда әділ, ұтқандар олжасыз қалып жатқан жоқ.

Мадина. Біздің сыныптағы қыздардың бәрі достойнно жүреді.

Дауыс. Ештеңе білмеймін, бірақ үлкен косяк істедіңдер.

Мадина. Қораға кіргізген кім конкретно, значит арамызда тоқылдақ бар!

Дауыс. Дәл түстің!

Мадина. Кім болуы мүмкін?

Дауыс. Сендерге жаза! Бұрынғыдан екі есе сатасыңдар. Егер орындалмаса жазаның қандай екенін білесің.  Мафия өз таңдауын жасады /Мадина ұйықтайды/. Дәрігер оянады.

Гаухар тұрады, таңдау жасайды. Гауһар мафия әңгіме:

Дауыс. Кешегі таблетканы дұрыс жеткізбедің.

Гаухар. Бәрін мұнтаздай таза қылған сияқтымын..?

Дауыс. Ештеңе білмеймін, сен тыққан таблеткаларды артынша полиция тауып алып жатады, біз қайта ол істі полицияға жеткізбеуге тырыстық, әйтпесе баяғыда құритын едің. Саған жаза ретінде отыз таблетканы жетімдер үйіне таратасың.

Гаухар. Ол жақты ылғи тексереді, қалай беремін?

Дауыс. Менің проблемам емес. Дәрігер таңдау жасады, қала оянамыз! Бүгін Зая мафияның құрбаны болды. Зая,  сізді өлтірген кім деп ойлайсыз?
Зая. Менің күдігім Айшада, өйткені оның демі қасымда қобалжып шықты.

Дауыс. Айша, сіз кім деп ойлайсыз? 

Айша. Гаухар деп ойлаймын. Өйткені ол қазір отырғанның өзінде де картасына қайта-қайта алаңдаулы.

Гаухар. Сен қумашы, картама қайта-қайта қарасам не бопты, мафия деген сөз бе? Анализ жасай алмайсыңдар ма, лақпаңдаршы!

Дауыс. Сабыр сақтаймыз!  Гаухар, сен не дейсің?

Гаухар. Айша. Өйткені ол көп ойланған жоқ Гаухар дей салды.

Дауыс. Мадина, сен ше?

Мадина. Айша деп ойлаймын. Оның көздері тек жан-жаққа жалтақтап тұрады.

Дауыс. Сонымен түйіндесек, сұрағым қайта қойылады. Зая, сізді өлтірген кім деп ойлайсыз?
Зая. Мені өлтірген – Айша.

Дауыс. Ойын талабы бойынша білесіздер, емдей алмаған дәрігер мен нақты өзін өлтірген кім екенін білмеген ойыншылар тілек орындайды. Егер ол орындалмаса мендегі құпиялар дүйім жұртқа жария болады. Зая, сізді өлтірген Мадина, ал сізді аман алып қала алмаған Гаухар. Сонымен Мадина, қандай тілек ұсынасың?

Мадина. /Наркотик тапсырма/ Зая 20 таблетка сенің мойыныңда, ал қалған бес таблетка Гаухар сен аласың.

Айша. Сен Гаухарға тым қарапайым тапсырма берген жоқсың ба?

Мадина. Жұмысың қанша?

Айша. Жұмысым бар, бәрі честно болу керек.

Мадина. Гаухар жай ғана дәрігер, ал Зая жертва.

Айша. Сен подругаң болған соң қорғаштап тұрсың.

Мадина. Лақпаш-ей, сенде Заяны қорғап тұрсың конкретно.

Дауыс. Талапты қойған ойыншының тілегі талқыланбайды. Қыздар, ереже бұзылмау керек. Ереже бұзылса, жазаның қандай болатынын жақсы білесіңдер. Қайталап айтамын. Бірінші ереже: Біздің ойынымыз құпия болуға тиісті. Екінші ереже: Дедлайнға дейінгі уақытпен спордан ұтылған адам қалайда таблетканы сатуы керек немесе сата алмаған жағдайда соның ақшасын қояды. Үшінші ереже: Егерде қателік жіберсеңдер өзіміздікін аламыз. Сырттарыңнан бәріңді бақылап жүремін. Жарайды, ойын бітті.

Дауыс өшеді.

Мадина. Кеше мені мұғалім шақырды.

Гаухар. Не дейді сонда?

Мадина. Қандай ойын ойнап жүрсіңдер деді. Ештеңе ойнап жүрген жоқпыз, жай ғана акт залда қыздар болып әңгімелер айтамыз дедім.

Гаухар. Сенді ме енді?

Мадина. Сенгендей болды. Осы Зая мұғалімнің қасында көп жүргіштеп кетті, шын мәнісінде күзгі балға би дайындап жүр деп ойлайсыңдар ма?

Гаухар. Бәлкім Зая шығар?

Зая. Мұғалімнің қасында жүрдім деген сөз тоқылдақпын деген сөз емес.

Гаухар. Зая, мойындай сал арамызда қалады.

Айша. Аузыңа байқап сөйле!

Гаухар. Сөйлемесем не істейсің?

Мадина. Қайдан бМадинң, Гаухар дұрыс айтатын шығар?

Зая. Қыздар ұрыспаңдаршы!

Мадина. Айша, бір жеріңді қысшы иә ма?

Айша. Мә Мадина?! Сенікі аманшылық па? Кішкене ойланып сөйлесеңші.

Мадина. Мафияны ұйымдастырушы өтірік айтпайтын шығар?

Айша. Сендер қуады екенсіңдер ғой. Қалай ол Зая болады? Зая ортамызда талай болды. Үйіндегілер іздесе «Мен сабақ оқып отырмын» – дейді. Шын мәнісіне келгенде Зая біздің қасымызда. Сонда ол сатқын бола ма? Ол ешқашан өтірік айтпайды барды бар дейді, оның сатқындық жасауы мүмкін емес!

Мадина. Мыжымаш!

Айша. Қалай мыжымаш?

Мадина. Ей, сорлы, жоқ қылып жіберемін қазір сені.

Зая. Қыздар қатты кетіп бара жатырсыңдар...

Мадина. Сен жапшы аузыңды!

Айша. Дұрыстап сөйле Заяға!

Мадина. Қалай сөйлеуді үйретпейтін шығарсың?

Айша. Үйретемін, ал не істейсің? Духың жете ме маған?

Гаухар. Біраз жерге дейін жетеді.

Айша. Байқа, желің шығып кетпесің!

Гаухар. Ей, не дегің келіп отыр?

Айша. Аузыма қақпақ болатын сен емес!

Мадина. Бола аламын, керек пе?

Аиша. Істеші ал, көрейік!

Мадина. Ей, шешеңді!

Аиша. Не дедің, қайталашы?!

Айша Мадинаны ұрып қалады, төбелес басталып кетеді. Сыныпқа мұғалім кірді.

Мұғалім. Ей қойыңдар!

Төбелес тоқтайды.

Мұғалім. Не болды сендерге? Не бөлісе алмай қалдыңдар? Қыздар төбелесті деген ұят қой, ұлдар төбелессе жарайды түсінемін.

Айша. Өздері ғой бастаған.

Мұғалім. Төбелескенше күзгі балға дайындалмайсыңдар ма? Бұл күзгі бал мектеп ішінде болады, ұтқан сынып қалалық күзгі бал байқауына қатысады. Сендер дұрыстап дайындалыңдар, қалалық күзгі балда әкімнің өзі болады. Ертең бір нәрсе дұрыс болмай қалып абыройымызға нұқсан келмесін. Сендерді жақсы көремін, сондықтан өздеріңе сенемін. /күзгі бал жайлы ақпарат/

Мадина. Дайындалғым келмейді.

Мұғалім. Неге?

Мадина. Қызық емес.

Мұғалім. Мадина, үлгілі мектеп болуымыз керек, қатардың алды болсақ, міне бізге керегі осы.

Мадина. Ой отчет үшін қатардың алды болмай-ақ қойдық.

Мұғалім. Мадина?!

Мадина. Маған сахнада маймыл болған қызық емес, кеттік Гаухар.

Екеуі шығып бара жатады.

Мұғалім. Қыздар, дайындықтарың қалай?                   
Зая. Ім... жақсы деуге де болады.

Мұғалім. Біздің класс ұятқа қалып қоймасын, күзгі балды қалайда алу керек. Қыздар, сосын араларыңда біреу іріткі салып немесе қорқытып жүрген ешкім жоқ па?

Айша. Ондай ешкімді кездестірмедік.  

Мұғалім. Абайлаңдар, біреуге еріп кетіп жүрмеңдер, кеше бір баламыздан айырылып қалдық.

Зая. Мә, қойыңызшы, кім ол?

Мұғалім. Нақты есіме түспей тұр, мектепте мың қырық бала оқиды аттарын ұмытып қаламыз. Сендер жақсылап дайындалыңдар, негативті ұмытыңдар, бастысы біреуге еріп кетпесеңдер болды. Сабақтан кейін тексеремін, дұрыстап дайындалыңдар.

Айша. Апай бізді сабақтан сұрап алыңызшы!

Мұғалім. Кімнің сабағы еді?

Зая. Химиядан беретін Дарияш апайдың.

Мұғалім. Жарайды сұрап аламын.

Зая. Апай, жаңа ойыннан кейін... (Айша шымшып қалады)

Мұғалім. Қандай ойын?

Айша. Ештеңе емес апай.

Мұғалім. Осы сендер көп нәрсені жасырасыңдар, ішім сезеді.

Айша. Біз ештеңе жасырмаймыз.

Мұғалім. Абайлаңдар, қандай жағдай болса да маған айтыңдар.

Мұғалім шығып кетеді.  

Айша. Сонымен, тоқылдақпын де?

Зая. Қалай тоқылдақ?

Айша. Зая, менен жасырмайтын шығарсың?

Зая. Не жасырамын, қумашы!?

Айша. Мойындайсың ба жасағаныңды?

Зая. Нені мойындауым керек?

Мадина. Өтірік айтпашы!

Зая. Бәріміз бір командада бола тұра, сатқындық жасамайтын шығармын.

Айша. Саған сатқындық жасадың деп айтып отырған жоқпын, құрбым ретінде қорғау үшін сөздерім шындыққа жанасу керек.

Зая. Ал айттым, сұрады қоймай!

Айша. Кім сұрады?

Зая. Апай.

Айша. Неге олай істедің?

Зая. Мұғалім тергеушімен отырды, бағанағы апай айтқан баланың өлімі. Менің ешкімге өтірік айта алмайтынымды жақсы білесің. Бұл мәселе әлдебір ойыннан туған шығар дедім, басқа ештеңе айтпадым.

Айша. Неге сол кезде менімен ақылдаспадың? Тергеушінің алдында өзім-ақ сөйлеп беретін едім.

Зая. Аяқасты болды мұның бәрбәрі... Мен ештеңе ойланып үлгермедім.

Айша. Сол тергеушілер қу ғой, кімнен сұрау керегін біліп тұрады. Енді барынша қасымда бол, сені анау мафия жай қоймайды.

Зая. Неге сонша қорғаштадың? Басың бәлеге қалады ғой мен үшін.

Айша. Сені жертваға қимаймын. Екеумізді білесің бе? Бала кезімізде, өзенге шомылуға барсақ сүңгитінбіз. Біз қиындықта, қуанышта мәңгілік достармыз деп серт беріп сүңгідік.

Зая. Мен серттен тайып кеттім деп ойласам...

Айша. Серттен тайған жоқсың, бұл эмоциямен болған жағдай, ешнәрсе уайымдама.

Зая. Жоқ, басынан-ақ бұл ойынға кірмеуім керек еді.

Айша. Сырттан келген біреу алауыздықты құртады осылай.

Зая. Бұл теманы жабайықшы.

Айша. Ешқашан басыңды бұғып қалма, қасыңда біз бармыз.

Зая. Қолдауыңа рақмет!

Айша. Би не болды?

Зая. Мә, биді мүлдем дайындап үлгермедік. Апайға не айтамыз?

Айша /айнаға қарай береді/.  Шашымды бояғым келеді. Сарыға әлде қызылға бояйын.

Зая. Қара шаш ең әдемі бояу.

Айша. Ұнамайды. Бәрінде қара шаш бар,  қызық емес.

Зая. Кеше тиктоктан бір жігіт жазды.

Айша. Сосын?

Зая. Таңғы алтыға дейін сөйлестік.

Айша. Сосын...

Зая. Ағылшын тілінде жақсы сөйлейді.

Айша. Бойы қандай?

Зая. Метр алпыс бар-ау деймін.

Айша. Страус болып жүремін деші.

Зая. Ең бастысы адам болса болғаны.

Айша. Қой отыра бермей биді шығарайық. Қорбаңдай бермей, ширақ қимылдайық.

Зая. Семіз емеспін.

Айша. Просто сүйектерің ірі ме?

Зая. Ауызыңды жап ей!

Айша. Ойнап айттым. Үйдегілердің бәрі ірі денелі болса, не істеймін?!

Зая. Қане, дайындықты бастайық.

Зая денесін қыздырып бастайды. Айша артынан қайталайды.

Айша. «I'm a barbie girl, in a barbie wo-orld! Life in plastic, it's fantastic!»

Айша /Телефонмен біреу хабарласады/. Алло, не болды? Қойшы? Рас па? Не болған сонда? Обал-ай...

Зая. Не болды?

Айша. Обал-ай...

Зая. Не болып қалды?! Айтшы енді!..

Айша. Бағанағы апай айтқан бала Ерсін екен.

Зая. Не дейсің? Қай Ерсін?

Айша. Бізбен параллель сыныпта оқитын.

Зая. Қашан? Әзілдеп тұрсың ба?

Айша. Қумашы.

Зая. Қалай өліпті?

Айша. Түнде балконнан секіріп кетіпті.

Зая. Суицид?

Айша. Ол бала бізбен бірге ойын ойнаушы еді...

Зая. Қайдағыны айтпа! Ойынның еш қатысы жоқ.

Айша. Бір жамандықты сезетіндеймін. Мүмкін шығып кетерміз…

Зая. Қалай сен драйвтан бас тартасың?

Айша. Қорқамын.

Зая. Көп сөйлеп кеттік, биді шығарайық. Әйтпесе апай мойнымызды үзеді.

Айша. Сосын дайындалайықшы.

Зая. Уақыт аз қалды, есің дұрыс па?!

Айша. Бүгін биге зауқым соқпай тұр.

Зая. Айша, өлетін адам өлді. Тірі адам тіршілігін жасайды.

Айша. Оның неден өлгенін сен білесің бе?

Зая. Оған біздің кінәміз жоқ.

Айша. Мен қорқып тұрмын!

Зая. Қорқатын болсаң, басында неге келістің?

Айша. Мен мұндай болатынын білген жоқпын.

Зая. Оған ойынның еш қатысы жоқ, кінәлі өзі.

Айша. Тым болмаса, анасына барайықшы.

Зая. Не үшін барамыз?

Айша. Білмеймін. Қанша дегенмен параллель сыныпта оқитын бала.

Зая. Көреміз сосын, биге дайындалайық.

Аиша. Зауқым соқпай тұр, кейін дайындалайықшы.

Зая.Айша, болды жетер. Өзі бос белбеу бала.
Айша. Өлген адамның артынан әңгіме қылмайық.

Зая. Мафияда ылғи ұтылады, сосын жылайды қыз секілді. Шындығына келгенде жылауықтардың түбі – өлім.

Айша. Сені бүгін танымай тұрмын.

Зая. Биге дайындалайық, қайтесің..

Айша. Жақсы бала еді, иә?

Зая. Ойын ойынымен. Ұмыта салшы оны. Қане...

Музыканы енді қосып дайындалып бастағанда, Табылды кіріп, музыканы басып тастайды.

Зая. Табылды, біз дайындалып жатырмыз.

Табылды. Дайындала беріңдер.

Зая. Кедергі жасап жатқаныңды білесің бе?

Табылды. Қатты дайындалғыларың келсе, басқа кабинет тауып алыңдар.

Зая. Табылды!

Табылды. Бірдеңе табылды ма?

Зая. (бақырады) Кетші!

Табылды. Кетуге міндеттімін бе?

Айша. Міндеттісің.

Табылды. Маған бәрібір екен. Олимпиадаға дайындалуым керек.

Арсен кіреді.

Айша. Арсен, алып кетші мынаны.

Арсен. Кеттік, жүр, қыздарға кедергі жасамайық.

Табылды. Маған бәрібір. Маған бәрібір. Маған бәрібір.

Арсен. Табылды, ұят болады.

Табылды. Сен ұят жайында әңгіме айтпа!

Арсен. Табылды, қыздарды сыйласаңшы.

Табылды. Кім айтты мені сыйламайды деп? Мен просто қызға сен сияқты слабый емеспін.

Арсен. Кім слабый?

Табылды. Сен!

Арсен. Қазір көрсетейін. (бір ұрады)

Табылды. Ерегес басталды ма?

Екеуі төбелесіп бастайды. “Қойыңдар” деген қыздардың дауысы. Арсен Табылдыны жеңеді.

Табылды. Бүгін қатты төбелесетін спортивкамды киіп келмедім, әйтпесе айыратын едім.

Арсен. Жоғал-ей!

Айша. Ұлдар, қойыңдаршы болды. Табылды, мұрның қанап кетіпті.

Табылды. Кездесеміз әлі.

Айша мен Табылды екеуі сыртқа шығып кетеді.

Зая. Төбелескенің не?

Арсен. Анау ғой. «Қой дегенде қоймаған арашаға зар болады» деген осы. Мә, өзің керемет билейсің ғой, ей. Айша екеулеріңді танымай қалдым.

Зая. Рас айтасың ба?

Арсен. Өтірік айтсам, тоқсандық бағам екілік болсын.

Зая. Екілік деген жай ғой ол.

Арсен. Мен үшін үлкен трагедия, әке-шешем үшін де солай.

Зая. Сонда түсініп қарай алмай ма?

Арсен. Өзің қалай ойлайсың?

Зая. Мен қайдан білемін, адамның бәрі мейірімді болып көрінсе.

Арсен. Әкем екілік баға үшін талай ұратын, себебі біздің әулетте бәрі білімді адамдар, барлығын біліммен өлшейді.

Зая. Сонда екілікке оқыған адамдардың болашағы жоқ па?

Арсен. Әкем екіліктер болашақ қылмыскерлер дейді.

Зая. Қызық екен.

Арсен. Адамдарды жек көру деген ұғым осыдан пайда болды.

Зая. Ұмытшы ол ойынды.

Арсен. Мұғалім бетімізге күліп қарағанымен, сыныбымызда не болып жатқанын жақсы біледі, шара қолдана алмайды. Осының бәрін ойласам, адамнан қорықпай қайтемін?

Зая. Сен тіпті мені де жек көресің бе?

Арсен. Мен сені... Ештеңе емес.

Зая. Сен әдебиеттегі Ерболдан бетер болдың ғой.

Арсан. Қай Ербол?

Зая. «Махаббат қызық мол жылдар»

Арсен. Құдай-ау, қайда сол жылдар.

Зая. Ақырын-ақырын шегініп...

Арсен. Алыстап кетті-ау құрғырлар.

Зая. Жынды.

Арсен. Сен кітап оқығанды жақсы көресің бе?

Зая. Әрине, болашақта журналист болғым келеді.

Арсен. Журналист болғандағы мақсатың қандай?

Зая. Суицидті тоқтату үшін.

Арсен. Ерсіннің оқиғасына байланысты  ма?

Зая. Білмеймін. Жалғыз Ерсін емес, қоғамдағы балалар үшін.

Арсен. Өлу оңай болып кетті..?

Зая. Өлімге апарып соқтыру оңай болып кетті.

Арсен. Сені қаталырақ деп ойласам...

Зая. Негізі эмоциямды ішімде ұстағанды жақсы көремін.

Арсен. Сенде әлгі ойында барсың ба?

Зая. Бармын, бірақ қатты шаршадым.

Арсен. Неге шығып кетпейсің?

Зая. Шығып кетсем отбасыма зияны тиеді.

Арсен. Полицияға айтуға келмей ме?

Зая. Жоқ атама, тіптен болмайды полицияны араластыруға. Мафияның артында қанша адам тұрғанын білесің бе? Біреуін қамағанмен екіншісі шығады, үшіншісі, төртіншісі тіпті ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ойын секілді.

Арсен. Түп тамырымен жоюға келмей ме екен?

Зая. Білмеймін. Арсен, сенен сұрайыншы.

Арсен. Айта бер.

Зая. Сен маған сенесің бе? 

Жерге таблетка түсіп қалады, Зая бірден алып сумкасына салады.

Арсен. Тоқташы, не тығып алдың сумкаңа?

Зая. Мамам – фармацевт, сол кісінің дәрілері ғой.

Арсен. Фармацевтиканың заттарын олай қобалжып тықпайтын шығарсың?

Зая. Енді жоғалып кетпесе екен деп қорқасың.

Арсен. Ол қандай дәрі сонда?

Зая. Витамин ғой.

Арсен. Сатып алсам бола ма?

Зая. Жоқ болмайды, мамаға тапсыруым керек.

Арсен. Ақшасын бере саласың ғой.

Зая. Дәрінің өзін апарып беруім керек.

Арсен. Неге жан-жағыңа жалтақтайсың?

Зая. Не болды соншама тергеп?

Арсен. Енді өзің ғой соншама қобалжып.

Зая. Маған сенесің бе дедім дұрыс па?

Арсен. Иә сенемін дедім.

Зая. Неге сұрақтарың көп онда сенің?

Арсен. Саған алаңдап сұрадым.

Зая. Жағдайыма алаңдамай-ақ қой.

Арсен. Қалай алаңдамаймын?

Зая. Мен үшін өмір сүруге міндетті емессің.

Арсен шығып бара жатады.

Арсен. Мейлі, өзің біл.

Зая. Арсен тоқташы. /Арсеннің бетінен ұстап/ Қатты тиген сияқты.

Арсен. Ештеңе етпейді.

Зая. Көгеріп тұр. Ата-анаң ұрыспай ма?

Арсен. Олар үнемі іссапарда. Үйде болмайды.

Зая. Сен сонда кімдермен араласасың?

Арсен.  Хикикомори туралы естуің бар ма?

Зая. Ол не тағы?

Арсен. Адамдарды жек көру.

Зая. Қалай адамдарды жек көруге болады?

Арсен. Адамды бірінші кезекте ой жейді. Соңғы кезде жастар көп өлім құшып жатыр. Бала кезімнен араласып, ойнап-күліп бірге жүретін құрбым да дүниеден өтті. Жастар арасында соңғы кезде неге күшейіп кетті екен?

Зая. Оны білмедім. Мемлекеттік жүйеде кінәрат бар-ау.

Арсен. Болашағымнан қорқамын.

Зая. Қиындықтар болып тұрады.

Арсен. Басым жарылардай күйдемін. Зая, айтшы өмірде неден қорқасың?

Зая.  Өзімді жоғалтып алудан.

Арсен. Неге?

Зая. Үйде болсын, мектепте болсын үлкен кісілер көп нәрседен басып тастайды. Үлкендікке салынады. Тіпті балалардың би қойып берейін десем, тыңдағылары келмейді. Бәрі жастық жалынымды басқысы келеді. Өмір бақи қорқып, ұялып, тығылып жүргім келмейді. Тек арманым үшін өмір сүрсем деймін. Сіз көрдіңіз бе? Көрмедіңіз бе? Білмеймін. Бірақ шыныменде би билеген кезде өзімді еркін сезінемін.  Залда ешкім жоқтай... Өзімнің  жеке әлемімде жүргендей боламын. Дәл қазір де  өзімді адасып жүргендеймін.

Арсен. Өмірге енді ғана қадам бастың...

Зая. Алайда өзімді бұндайлардың арасында талатып қойғым келмейді. Одан тыныш өмір артық... Табиғатым тыныштықты сүйеді. Үнемі жалғыз жүргенді ұнатамын. Себебі өзге тұрмақ өз көлеңкеме сенбейтін адаммын. Өзгелер маған тиіссе, қарап тұрмаймын. Сөйлейтін жерде сөйлеп қаламын. Осы мінезімді өзім ұнатпаймын. Бірақ жақсы тұсы ішімде қалмайды. Көп сөйлеп кеттім ғой деймін, ренжімеңіз.

Арсен. Аа, жоқ ренжімедім.

Зая. Биге дайындалайық. Көмектесесің бе?

Арсен. Иә, көмектесемін.

Арсен мен Зая екеуі биге дайындалу барысында арасында диалог жүреді.

Зая. Биге икемің жақсы екен.

Арсен. Солай ма?

Зая. Неге сонша дірілдейсің?

Арсен. Бұрын қыздың қолын ұстап көрмедім дегенге сенесің бе?

Зая. Адамның бәрін жек көрсең, әрине сенемін.

Арсен.

Махаббатты жазбадың деп өкпең бар,

Қай уақытта ұлы сезім төккен бал?

Мұңнан басқа жазбай жүрмін ештеңе

Ішпеген соң бір кездері көппен нәр.

Серенада айтпайды деп сөкпегің,

Ғазал үнді түсінуге жетпедім.

Махаббаттың періштесін білмеймін

Ол түгілі сүйсінетін жоқ теңім.

Махшардағы хор қызымен тең қылған,

Әсем ойлар сынарсызға ем болған.

Бұл жігітті хор қыздары сүйетін

Мені сүймес ару қыздар кім болған?

Өмір-өмір мені қосар біреуге,

Ішкім сезім өз ғұмырын сүруде.

Құдай деген мұңсыз етіп бермейді

Уақыт берер шын бақытпен күлуге.

Зая. Мә, қандай әдемі өлең! Кім шығарған?

Арсен. Шын ғашық адам шығарған шығар...

Зая. Шын ғашық адам сен бе?

Арсен. Мүмкін?!

Телефон шырылдайды.

Арсен. Үйдегілер хабарласты, сөйлесіп келейін.

Арсен шығып кетеді, Мадина мен Гауһар кіреді де, Заяны итеріп жібереді. Гаухар камерасын қосады.

Зая. Қыздар сендердікі жай ма?

Мадина темекісін тұтатып бастайды.

Зая. Қыздар темекі тартуға болмайды.

Мадина. Жапшы аузыңды!

Зая. Түсіндіріңдерші, не болды?

Гаухар. Апайдың алдында очко жинап болдың ба?

Зая. Кім очко жинады?

Мадина. Ей, Зая, тоқылдаған сен бе, мен бе?

Зая. Ештеңе істеген жоқпын.

Мадина. Қазір мына темекіні мұрыныңа тығамын!

Зая. Сендердікі жай ма?

Мадина. Сен не тоқылдап жүрсің? Біреудің алдында очко жинағың келе ме?

Зая. Мен ешқандай очко жинаған жоқпын, тек сол кезде...

Гаухар. Жапшы аузыңды!

Мадина. Сен көп сөйлейді екенсің!

Зая. Мен не дедім? Ештеңе болған жоқ сендер ойлайтындай.

Мадина. Осыдан бір шу шықсын көзіңді ойып аламын.

Гаухар. Сен білесің, артымызда адамдар тұр, любой нәрсенің ответкасы болады.

Зая. Онда сенен кешірім сұраймын.

Мадина. Тізерлейсің.

Зая.(тізерлейді) Тізерлеп тұрып кешірім сұраймын, сендерге артық ештеңе айтпадым, осымен теманы жабайықшы.

Гаухар. Жабылмайды, до конца барамыз.

Ұрады.

Мадина. Сен мені жақсылап тыңда. Қазір осы жерде қаныңды шығарамын.

Зая. Кешіріңдерші.

Гаухар. Сен кімсің артыңда адамдар бар ма, сен үшін жауап бере алатын?

Зая. Жоқ.

Гаухар. Онда не өзіңе көп алып жүрсің.

Мадина. Сен жәлепсің, тоналка жақсаң, маңдайыңа жақ.

Гаухар. Қумай тұра тұршы! Тоқылдайсың ба?

Зая. Жоқ, құдай ақы.

Мадина. Ақша туасың.

Зая. Қандай ақша?

Мадина. Мына қолды көрдің бе? Көгеріп тұр. Сынса, мамам сені аямайды..

Зая.Ұрмай-ақ қойыңдаршы, қыздар.

Ұрып жібереді.

Гаухар. Есіңді жый, ей!

Мадина. Менің кім екенімді білесің бе?

Зая. Білемін.

Мадина. Енді кеше неге кісі болып отырсың?

Зая. Мен не істедім?

Мадина. Звондасам алмайсың, телефонды неге ұстайсың?

Зая. Мен сабақ орындадым.

Гаухар. Маған бәрібір, мен сен үшін бокстан қалдым.

Зая. Кешірім сұраймын онда.

Мадина. Жоқ, қазір ақша туасың! 5000!

Зая. Менде ақша жоқ, ертең қойып берейін.

Гаухар. 5000 емес 10 мың туасың.

Мадина. Осыдан бұлар меф шегеді екен деген өсекті таратсаң, білесің не болатынын бүкіл мектеп естиді. Мына видеоны не істейін, салып жіберейін бе?

Зая. Қыздар, ештеңе керек емес.

Гаухар. Біреулерге жететін болса, сені бұдан бетер сабаймын. Ертең Мадинаның каспиінде 10 мың теңге тұратын болсын. Мамашаларға тоқылдап айтатын болсаң, аямаймын. Қатайғанды қой, түсіндің бе, ей? Мен сені жұрттың көзінше сабамағаныма рақмет айт. Позорыңды шашайын ба?  Жігітіңмен құрып кет, мен саған күлкілі ештеңе айтып тұрған жоқпын.

Зая. Күліп тұрған жоқпын.

Мадина. Күліп тұрсың сен, не мені клоун көріп тұрсың ба? Көзіңе бір фар салып берейін бе?

Зая. Ұрмай-ақ қойыңдаршы, пожалуйста!

Мадина. Аузыңды жапшы, отыз екі тісіңді бір-ақ қағамын. Дұрыстап кешірім сұра!

Зая. Кешіріңдер.

Гаухар. Қолыңды кеудеңе қойып сұра.

Мадина. Дұрыстап! Иіліп!

Гаухар. Тоқылдау жоқ, он мың теңгені ұмытпа! Егер қателессең, оданда зорғысын істейді. Есіңде болсын, мен мыналар үшін до конца барамын. Күлме, ей!

Зая. Күліп тұрған жоқпын.

Ұрып жібереді.

Гаухар. Күлме, есіңді жина!

Мадина. Артық әңгіме шығып жүрмесін.

Зая. Шықпайды айтпаймын.

Мадина. Мына дәріні ішесің, сол кезде сені тоқылдақ деп айтпаймыз.

Айша. Ішпеймін.

Мадина қинап Заяның аузына таблетка тығады.

Мадина. Жұт мынаны!

Зая. Жұтпаймын.

Мадина. Жұтасың!

Зая түкіріп тастайды, Мадина тағы ұрады.

Мадина. Ей мал, сен не бізге қарсы шығып тұрсың ба? Жұт тез!

Зая. Қыздар болды, жұтамын тек ұрмаңдаршы.

Зая жұтып қояды.

Мадина. Міне, енді достойно деуге болады.

Зая. Қыздар, біз қай ғаламшардамыз?

Екеуі мазақ қылып күледі.

Мадина. Түсір, түсір дұрыстап, кадрды әдемі қылып ал.

Зая. Бүгін достойномын.

Мадина. Иә иә, достойносың.

Зая. Мен күштірекпін.

Мадина. Молодец.

Гаухар. Дозаның күші қай уақытта бітеді?

Мадина. Қазір бітуі керек.

Гаухар мен Мадина Заяны арлы-берлі итеріп әбден күлкі етеді.  

Мадина. Болды кетейік.

Гаухар. Соңына дейін қарамадық па?

Мадина. Қызық емес кетейік.

Қыздар шығып кетеді Зая жалғыз қалады.Өксіп жылайды. Айқайлап. Терезенің жақтауына шығып алады.

Зая. Тазалық, тазалық, тазалық сен қайдасың, тазалық? Көркімді ұрлап барасың ғой жас көңіл, өмірімді не нәрсеге айырбастадым, осыдан кейін өмір сүруге қақым бар ма? Егер менің үстіме қара су шашып жіберетін бір жан болса қуанар едім, күнәмнан тазарар едім, жоқ бәрі от шашады, су емес! От, от, тозақтың оты да мынадай күшті емес шығар? Қайдан келген қара күш? Қатарымды жалмап жатқан ол қандай қара күш? Білесіңдер ме? Болашақ жастардың қолында ма? Сонда сіздер елестеткен болашақ қандай? Жастық шағын өліммен ауыстырған болашақ па?

ДАУЫС МАФИЯ. Бірінші ереже: Біздің ойынымыз құпия болуға тиісті. Екінші ереже: Дедлайнға дейінгі уақытпен спордан ұтылған адам қалайда таблетканы сатуы керек немесе сата алмаған жағдайда соның ақшасын қояды. Үшінші ереже: Егерде қателік жіберсеңдер өзіміздікін аламыз. Жаның олардан артық емес, тиесілі ақшаны қой. Әке-шешеңнің шотына ақша түседі.

Зая. Әке, кешір ақымақ қызыңды. Енді бұдан артық күшті бола алмаймын.

Зая өзінің тамырын кеспек болғанда, мұғалім кіріп қалады.

Мұғалім. Заяжан? Аманшылық па? Не болды саған?

Зая. Апай мені ұстамаңыз!

Мұғалім. Зая, есіңді жый!

Зая. Сендерге енді керек емеспін.

Мұғалім. Не сандырақтап кеттің?

Зая. Сіз де мені жек көресіз ғой, солай ма?

Мұғалім. Зая, айналайын, қызым...

Зая. Қызым?

Мұғалім. Сен менің қызымдайсың. Cенің әр таңдаған шешіміңді де мен таңдаған болуым мүмкін. Әр әрекетіңді ойланып жаса, қызым!

Зая. Шіркін, анам да осылай айтса ғой.

Мұғалім. Бұл саған анаңды жек көр деген қамқорлық емес, әр шәкіртімді жанымдай жақсы көремін. Қызым, неге сен бұл жолды таңдадың?

Зая. Апай, адам жанынан мейірімділік жоғалса, маған өмірдің мәні не?

Мұғалім. Асығыс ойланба, өмірдің мәнін түсінуге әлі жассың.

Зая. Қашан түсінемін?

Мұғалім. Балалы болғанда.

Зая. Балаларыма сенің аналарың әлсіз деп айтамын ба?

Мұғалім. Неге әлсіз? Әлсіздік деген ұғым ол болған емес, болмайды да.

Зая. Сонда өзімнің намысым мен арымды қорғай алмасам, әлсіз емеспін бе?

Мұғалім. Оны кім айтып жүр саған? Қандай кезде болмасын, қасыңнан табылатынымды ұмытпа!

Зая. Апай, мен айтсам олар өлтіреді.

Мұғалім. Кімдер?

Зая. Айтпай-ақ қояйыншы.

Мұғалім. Зая, егер қазір айтпасаң, олар ертең біреуге де зиянын тигізеді.

Зая. Бастысы олардың өмірінде мен жоқпын, керегі сол ғой оларға.

Мұғалім. Жарайды кедергі жасамайын,  өл.

Зая. Шынымен айтып тұрсыз ба?

Мұғалім. Иә.

Зая. Енді апай...

Мұғалім. Мен саған сөйле деген жоқпын.

Зая. Сіздің көзіңізше...

Мұғалім. Менің көзімше өлуге қорқасың, ал құдайдан? Қазір өле салдың, жарайды, біз жақсы оқушы еді деп еске аламыз. Уақыт өте келе ата-анаң да ақырындап сағынышы басылар. Сол кезде не қалды сенде? Бір үймелеп тұрған топырақ, жай ғана есімің жазылған құлпытас. Ол құлпытастағы жазудың өзі қысқа ғана ғұмыр. Жаның көкке кетті, ана жақта өз-өзіңе қол жұмсағаның үшін қандай жазаға тартыларыңды білесің бе? Сол кезде айтасың бұ дүние жақсы екен ғой деп. Сондықтан қызым, біреуден көрген қорлық мәңгілік емес, біреуге көрсеткен қорлық – мәңгілік.

Зая. Болмайтын ойындар үшін тоқылдадың деп бопсалады. 

Мұғалім. Кімдер?

Зая. Мадина, Гаухарлар...

Мұғалім.Сол ардан безгендер үшін өліп кету саған оңай ма?

Зая. Мен оларға он мың теңге қарызбын, қалай беремін?

Мұғалім. Біреуге бірдеңе беруге міндетті емессің.

Зая. Егер үлкендерге айтатын болсаң, барлық сыныптың алдында позорыңды шығарамыз дейді.

Мұғалім. Сені қорқытқаны ғой.

Зая. Олар істесе істейді.

Мұғалім. Егер солай істеген жағдайда арнайы заң бар.

Зая. Мен тоқылдақ емеспін.

Мұғалім. Өзін қорғаған адам қалай тоқылдақ болады?

Зая. Жоқ, апай бұл іске араласпағаныңыз дұрыс.

Мұғалім. Егер араласпасам, одан бетер істерді жасайды. Тіпті бір күні адам өлтірсе де таңғалмаймын.

Зая. Адам өлтіруге дейін бармайды ғой.

Мұғалім. Қайдан білесің оны?

Зая. Ондай іс қолдарынан келмейді.

Мұғалім. Егерде заңға қатысты тиісті нәрсені орындамасам ұстаздығыма сын. Адамның еркіндігін бұзу – қылмыс. Менің қай шәкіртім болсын, еркін болуы тиіс.

 

2-КӨРІНІС

Мұғалім жиналыс жасайды.

Мұғалім. Сонымен қандай ойын ойнадыңдар?

Гаухар. Не ойынды айтасыз апай?

Мұғалім. Кәдімгі өздерің күнделікті ойнап жүрген.

Гаухар. Мүмкін қателесіп тұрған боларсыз? Біз күнделікті сабағымызға барып-келіп жүрген қыздармыз.

Мұғалім. Жалпы өлімнің көбейіп кеткенін аңғарасыңдар ма?

Мадина. Оған біздің не кінәміз бар?

Мұғалім. Сендерді кім кінәлі деп жатыр?

Мадина. Істің мән-жайына бармай, бізден көре салу артық деп ойламайсыз ба?
Мұғалім. Неге сонша қызарып кеттіңдер?

Мадина. Кім қызарып отыр?

Мұғалім. Кеше Заяны бір өлімнен алып қалдым.

Айша. Өлгені қалай? Не істедіңдер сендер? Осыдан далаға шығыңдар екеулеріңді қойша қырамын.

Мұғалім. Айша, сендер не деген жауызсыңдар! Қырамын, өлтіремін тіпті сендердің жастарыңдағы айтатын сөз емес еді.

Айша. Бұларды өлтіре салу аз, қанын сорпаша шашу керек.

Мұғалім. Мә Айша?! Мынау барып тұрған жауыздың сөзі. Жастарыңа жетпей неге мұндай сөзге құмар болдыңдар? Мен мектепте жүргенде ештеңе болғызбаймын! Сонымен мойындайсыңдар ма? Әлде ата-аналарыңа шығайын ба?

Мадина. Қандай дәлеліңіз бар?

Мұғалім. Компьютер бөлмесінде ватсабыңды жаппай кеттің. Мадина, видео менде де бар.

Мадина мен Гаухар қорқып абдырап қалады.

Мұғалім. Енді мойындайсыңдар ма?

Мадина. Біз...

Гаухар. Біз жай ғана әзілдегенбіз.

Мұғалім. Әзіл екеніне сенімдісіңдер ме? Мен үлгермегенде қазір Заяның жаназасында отыратын едік. Қалай ойлайсыңдар, іс полицияға барғаны дұрыс па?

Гаухар. Сонда бұл бопсалау ма?

Мұғалім. Не болды, бопсалауды айыра алатын болғансыңдар ма? Бүгін ештеңе айтпасаң ертең тікелей менімен емес полициямен сөйлесетін боласыңдар.

Мадина. Апай, сізде қыздар арасында болған шығарсыз!? Мұндай нәрсе болмады деңізші, болды ғой, солай ма?

Мұғалім. Қыздармен араздасу болатын, бірақ есірткі сатқан емеспіз.

Гаухар. Біз сатқан жоқпыз, әлде саттық па?

Мадина. Жарайды апай, Заядан кешірім сұраймыз.

Мұғалім. Зая?

Зая кіреді.

Мұғалім. Ал кешірім сұраңдар!

Гаухар. Бізді кешірші қателестік.

Мадина. Иә Зая, біз істеген ісімізге өкінеміз.

Мұғалім. Не істейсің Зая? Кешірмесең істі сотқа апарамыз.

Зая. Бұлар менің бала кездегі құрбыларым, қателік бәрімізде де бар. Бұл жерде кінәлі басты қылмыскер ол мафияны ұйымдастырушы.

Гаухар. Расында ол кім болуы мүмкін? Біз кімнен қорқып жүрміз?

Мұғалім. Табылды сумкаңды көрейін.

Табылды. Неге апай? Неге көрсетуім керек? Заяның дәрі ішкеніне қатысым жоқ.

Мұғалім. Сен дәрі ішкенін қайдан білесің?

Табылды. Енді мен...

Мұғалім. Аш сумкаңды!

Табылды сумкасын ашып қалса таблеткалар. Табылды қашпақ болып ұмтылады. Арсен кіріп қалады.

Арсен. Оңай қашып кетемін деп ойладың ба? Есік жабық тұр.

Табылды. Арсен, ақыры саттыңба мені?

Арсен. Сен маған бәрі тыныш болады дегенсің.

Мұғалім. Акт залда сабақ оқуға келдім дейді бірақ ол сабақ оқуға емес, мына дәптеріне жоспарларын жазады.

Табылды. Менің дәптерім сізде қайдан жүр?
Мұғалім. Бір кезде ұйықтап қалғаныңда партаңнан алдым.

Табылды. Таппай жүрдім ғой бұны.

Мадина. Біздің достығымызды құртқан сен екенсің ғой, оңбаған!

Гаухар. Сонда жазықсыздан Зая өліп кете жаздады ма?

Арсен Табылдыны ұрмақ болады, Зая ұстап қалады.

Табылды. Сендер типа періштесіңдер, солай ма? Кезінде мені көп мазақ еттіңдер, шеттетіп қатарларыңа қосқан жоқсыңдар. Сонда әділеттілік қайда?

Мұғалім. Сонда бұл мәселеңді неге маған келіп айтпадың, ұстазбын ғой!?

Табылды. Бата алмадым айтуға, осылай жасағанды дұрыс деп есептедім.

Мұғалім. Қанша балаға кесірің тиді білесің бе?

Табылды. Апай, соншалықты жертва болып кетеді деп ойлаған жоқпын, мойындай салайын десем де қорықтым, түрмеден қорықтым.

Мұғалім. Бәрібір түптеп келгенде қылмысың ашылды, жазадан құтылып кетпейсің.

Айша. Табылды, сенің болашағыңа мен ғана сендім білесің бе? Сенің осындай зұлым адам екеніңді білмедім. Өтінемін енді бізге жоламашы, жалпы мектепке жоламашы.

Мұғалім. Қылмыстың өтеуі жаза. 20-бап. Қасақана жасалған қылмыстық құқық бұзушылық. 2-тармақ. Егер адам өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынған болса, оның қоғамға қауiптi зардаптарының болу мүмкiндігiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала болжап білген болса және осы зардаптардың туындауын қалаған болса, қылмыстық құқық бұзушылық тiкелей пиғылмен жасалған деп танылады. Ісің сотқа кетті.

 

3-КӨРІНІС

Күзгі бал, барлығы көңілді билеп жатыр.

Арсен. Зая, сен бақыттысың ба?

Зая. Иә мен бақыттымын.

Арсен. Бақыт әнін салайық.

Мадина. Ей қиялдар, қалайсыңдар?

Зая. Мадина, саған маймыл болған ұнамайтын еді ғой?

Мадина. Қой қашан айттым.

Зая. Өмірі мойындамайсың.

Мадина. Мойындамайтын нәрселер де бар.

Гаухар. Мадина, сатамыз ба?

Бәрі шошып кетеді.

Мадина. Ей, не айтып тұрсың?

Гаухар. Әй құрсын, сендер ойлаған емес, күзгі балға арнап кеше лимонад жасадым. Соны сатамыз ба дегенім ғой.

Мадина. Бәсе.

Айша. Қалай Арсен саған біздің Зая ұнай ма?

Арсен. Иә, ұнайды.

Айша. Барыңдар Гаухар, Мадина вальстің музыкасын қосыңдар.

Зая. Ей қыздар?

Вальс қосылады.

Арсен. Табылды сотталып кетті, иә?

Зая. Дым әңгіме айта алмайды екенсің.

Арсен. Енді бұрын былай қатты жақындасып көрмедік қой.

Зая. Екеуміз бақытты болу үшін әлемді қопарайықшы.

Арсен. Қопарамыз, сен маған сенесің бе?

Зая. Сенемін, және сені әрқашан қолдап өтемін.

Арсен. Менд е, сен енді жалғыз емессің.

Гаухар. Қызығып тұрғанымды қарашы, Табылды сотталып кетпей тұрғанында жүріп алуым керек еді.

Мадина. Құрсын өйтіп прикол ұстама, күлетін зат емес.

Гаухар. Түф, түф құрсын өзімен кетсін.

Мұғалім. Сендерді осындай көңіл күйде көргеніме қуанамын.

Айша. Барлығы апай сіздің арқаңыз!

Мұғалім. Біздің ең жақсы әніміз қандай еді, кеше жаттадыңдар ма?

Арсен.

Ақ көңілді ақ арманым

Не болып жүр саған жаным

Қаншама рет ойлансамда

Құпияңды таба алмадым

Неге жаным үндемейсің

Сенсіз күнім түн дегейсің

Неге неге неге қызғалдақтай

Ажарланып гүлдемейсің?!

Арсен. Апай бір сөз айтсам бола ма?

Мұғалім. Иә, айта ғой.

Зая. Өмірдің ақ парағы қателескенде жыртып тастауға келмейді, тек қателіктің түйінін жасай аласың. Менің ақ парағымда қанша сия төгілсе де сол сия менің кіршіксіз пәк көңіліме дақ түсіре алмады. Табылдының таба алмаған құпиясы мектепте қалсын, біз айтатын тәтті сезімдер тарихта қалсын.

Гаухар. Мә көзіме жас келіп кетті, айттым ғой Табылды сотталып кетпей тұрғанында жүріп алуым керек еді.

Мадина. Сандырақтай бермеші-ей!

Мұғалім. Жымыңдаған мың оттың артында күлімдеген бақыт бар!

Билер қойылады, барлығы бір–бірін құшақтайды.

Бәрі. Мафия өлді. 

СОҢЫ