«Драматургия» номинациясы: Құрбан

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы

Бүркеншік аты: Томпик

 Құрбан

Қатынасушы адамдар:

1. Сатушы;

2. Сатып алушы;

3. Шернияз:

4. Қанат;

5. Айхан;

6. Райгүл;

7. Балнұр;

8. Анасы;

9. Журналист;

10. Өрт сөндіруші.

 

I акт

Сахна 1: Кішкентай дүкен. Кешкі уақыт. Сатушы кассада тұр, ал сатып алушы сыра алып келеді.

Сатушы: (күлімсіреп) Сәлеметсіз бе! Сізге қалай көмектесе аламын?

Сатып алушы: (сыраны көрсетіп) Мына сыраны алайын деп едім.

Сатушы: (кассаға қарап) Жақсы, бұл сыраның бағасы 500 теңге.

Сатып алушы: (қалтасын қарап) Менде тек 300 теңге ғана бар екен. Қалғанын кейін әкеліп берсем бола ма?

Сатушы: (күлімсіреп) Өкінішке орай, бізде несиеге беру мүмкіндігі жоқ. Толық соманы төлеуіңіз керек.

Сатып алушы: (ренжіп) Мен сізге кейін әкеліп беремін деп тұрмын ғой. Неге сенбейсіз?

Сатушы: (сабырлы) Бұл біздің дүкеннің ережесі. Барлық сатып алушылар толық соманы төлеуі керек.

 

II акт

Сахна 1: Сатып алушы дүкеннен шығып кетеді, бірақ бірнеше минуттан кейін қайта оралады.

Сатып алушы: (ашулы) Мен сізге айттым ғой, менде тек 300 теңге бар. Сыраны беріңіз!

Сатушы: (қаттырақ) Өкінішке орай, мен сізге сыраны бере алмаймын. Толық соманы төлеуіңіз керек.

Сахна 2: Сатып алушы сыраны алып, дүкеннен шығып кетеді. Сатушы артынан жүгіріп шығады.

Сатушы: (айқайлап) Тоқтаңыз! Сіз ақшасын төлемедіңіз!

Сатып алушы: (кері бұрылып) Мен сізге кейін әкеліп беремін дедім ғой!

Сатушы: (қаттырақ) Бұл ұрлық! Сіз ақшасын төлемей алып кеттіңіз!

 

III акт

Сахна 1: Дүкеннің алдында бір топ ер азаматтар келеді. Сатушы мен сатып алушының арасындағы дау жалғасуда.

Шернияз: (сабырлы) Не болды? Әке.

Сатушы: (ашулы) Бұл адам сыраның ақшасын төлемей алып кетті!

Сатып алушы: (ренжіп) Мен кейін әкеліп беремін дедім ғой!

Шернияз: (сабырлы) Ережелерді сақтау керек. Сіз ақшасын төлемей алып кеткен болсаңыз, бұл ұрлық болып саналады.

 

Сахна 2: (Шернияз Қанат ағасына қоңырау шалып, шақырып алды).

Сатып алушы: (маңдайын сатушыға тіреп) Әй, сатушы, орныңды біл. Бұл сыраның ақшасын талап еткенің үшін өкініп қалма!

Шернияз: (ызаланып) Әкемді қорқытатын, сен кімсің? Тәртіп бәріне ортақ. Әр азамат заңға бағынады!

Сатып алушы: (күліп) қандай заң? Мен заңға бағынбаймын.

Шернияз: (сатып алушыны ұрып жіберді) көргенсіз!

Қанат: жігіттер, мәселені тату жолмен шешейік, сол сыраның құнын қарыз етіп жазып қояйық. Ертең қайтарарсыздар.

(Бір топ жігіттер төбелесті бастап кетті)

Шернияз: ( Қанатқа қарап ) аға, бұлар маған бірдеңе тықты.

Қанат: Шернияз, қаш!

(Шернияз он қадам аттап, құлайды. Жанжал жалғасып жатады).

 

IV акт

Сахна 1: (жаназа аяқталды. Молда құранды оқып болып, шығып кетті. Адамдар бірінен соң бірі жақындап, көңіл айтып жатыр)

Адамдар: иманды болсын. Иманы Сәләмәт болсын. Бекем болыңыз.

(Осы сәтте үйге бейтаныс адам кіріп келді)

Бейтаныс адам: мен журнал редакторымын. Сіздерден қайғылы оқиғаның мән-жайын сұраға келдім)

Алпысбай: төрге өтіңіз.

Бейтаныс адам: оңашада сөйлесейік. Ақпаратты жазып алуым керек. (бөлмеге кіреді)

Алпысбай: сізге не туралы айтайын?

Бейтаныс адам: ( өңі сұрланып) сен, тыныш жүр! Әйтпесе жаман болады! Сен соттан арызыңды алмасаң, жаман болады!

(бөлмеден, үйден шығып кетеді. Алпысбай қала береді).

Сахна 2: Талғар қаласы. Кешкі уақыт. Айхан қаланың көшесінде серуендеп жүр.

Айхан: (ойланып) Бұл қаланың тынымсыз тіршілігі маған әрқашан ұнады. Бірақ жүрегімде үлкен арман бар. Мен бұдан да үлкен қалаларға барғым келеді.

Қаланың басты көшесінде өрт шығады. Қала адамдары дүрлігіп жатыр. Айхан барлығына көмектесуге тырысады.

Айхан: (жүгіріп) Асығыңдар! Барлықтарың қауіпсіз жерге шығыңдар! Біз бұл өртті сөндіруге көмектесеміз!

 

V акт

Сахна 1: (Өрт сөндірілді, бірақ Шернияздың үйі жанып кеткен )

Алпысбай отбасымен бірге далада тұр.

Алпысбай: (мойындап) Біз барлық нәрсені жоғалттық, бірақ біз біргеміз, және бұл ең маңыздысы.

Айхан: (көңілсіз) Бәрі бітті... Менің барлық арманым, үмітім... Бірақ маған берілуге болмайды.

(Өрт сөндірушілер отты сөндіріп болды).

Анасы: (қатты айқайлап, жылап) сендерге не керек? Құдай неге сендерді алмай, менің Шерзатымды алып кетті. Балапанымның өмірін қидыңдар, үйімізді, ұямызды өртедіңдер. Лағынет етуден басқа амалым жоқ. Осыны жасағандар құрып кетсін!

Өрт сөндіруші: үйдің қожайыены кім?

Қаржаубай: мен.

Өрт сөндіруші: құжаттарыңызды көрсетіңіз.

Қаржаубай: қандай құжат керек еді?

Өрт сөндіруші: жеке куәлігіңіз, үй актісі мен растаушы құжаттарды көрсетіңіз.

Қаржаубай: (қалтасына қолын салып, құжатты алып шықты) міне, жеке куәлігім. (көңілсіз) Ал үйім жоқ, балам да жоқ, үйім де жоқ. Жауыздар бәрін бір сәтте алып кетті.

Өрт сөндіруші: аға, құжаттар үйдің ішінде қалды ма?

Қаржаубай: (басын төмен түсіріп) иә, солай болу керек.

Өрт сөндіруші: аға, ертең халыққа қызмет ету орталығына барыңыз, құжаттарыңызды қайта қалпына келтіріңіз.

(Осы сәтте Алпысбайдың жанына журналист жақындап келді)

Журналист: аға, мен «Талғар жаңалықтары» бағдарламасының жүргізушісімін. Біз осы қалада болып жатқан маңызды жаңалықтарды теледидардан көрсетеміз. Сіз бұл оқиғаны балаңыздың өлімімен байланыстырасыз ба?

Қаржаубай: ( камераға жабырқаулы қарап) сіздерге баламның өлгені аз болды ма? Тағы не керек болды? Балам өлгені аздай, отбасымды үйсіз қалдырдыңдар ғой!

Журналист: (жылап тұрған ананы жанына құшақтап тұрған Перизаттың жанына жақындап) мен «Талғар жаңалықтары» бағдарламасының жүргізушісімін. Біз осы қалада болып жатқан маңызды жаңалықтарды теледидардан көрсетеміз. Сіздер осы үйде тұрдыңыздар ма? Өрт кезінде біреу үйде болды ма?

Перизат: Бауырымнан айырылған күннен бастап, орталықтағы туыстарымыздың үйіндеміз. Күйеуім мен балаларым тек малды қарауға күніне жарты сағатқа келіп кететін. Кеше балалар қалмақшы болған, бірақ қалдырмадым. Балаларды апарып тастап, әрі қарай жұмысқа кеткенмін.

Журналист: (камераға қарап) біз талғар қаласындағы биылғы жылдың төртінші қазанында дүкенде болған жанжал нәтижесінде қайтыс болған Шерзаттың отбасысы тұратын үйінің алдындамыз. Бүгін бұл үй өртеніп кетіпті. Өрттің пайда болу салдары анықталып жатыр.

Сахна 2: (қалалық сот алдында бір топ адам жиналып тұр. Ол: Алпысбай, Қанат, Баян және оларды қолдайтын адамдар)

Алпысбай: (Сот ғимаратының қақпасына жақындап келе жатқан құзырлы органға қарап, айқайлап айтады) Баламның ісіне қатысты сот әділ өтсін! Кінәлі адамдардың бәрін тергеңіздер! Неге бұл іске қатысы бар адамдар әлі бостандықта жүр?

(Құзырлы орган өкілдері еш тіл қатпастап, жандарынан өтіп, ғимаратқа кіріп кетті).

Қанат: өз көзіммен көрдім ғой! Олар оқиға орнында болды. Неге оларды босаттыңыз? Қамауға алыңыз!   

Баян: Менің бауырым бұзақылардың қолынан қыршыннан қиылып отыр. Айуандықпен өлтірді. Інім анасының қолында марқұм болып кетті. Ішкі істер министрі, ішкі істер министрінің орынбасары, бас прокурор іске араласып, қолға алса деп өтініп сұраймын. Менің інім мен үшін, біз үшін батыр. Себебі ағасы мен інісін қорғаймын деп жан тапсырды. Іске қатысты тағы екі қыз бар, олар бостандықта жүр. Талғарда қаралған іс Қонаевқа ауысты. Ол қыздарды көрдік, екеуі көлікке мініп, кетіп қалды. Бостандықта тайраңдап жүргенін қаламаймыз.