Ескі дөңгелектің зардабы: Алматы-Бішкек тасжолында жол апатынан бір адам қаза тапты

Тағы 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жамбыл ауданындағы "Алматы-Бішкек" автожолының 76 шақырымында жол апаты болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Көліктердің соқтығысуынан 1 жолаушы қарсы бағыттағы темір тұлпардың дөңгелегінің астында қалып, тіл тартпай кетті.

Полиция ақпарынша,  рульге ие бола алмай қалған Nissan жүргізушісі жоғары жылдамдықпен ағашқа барып соғылған. 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

- Nissan жеңіл автокөлігі артқы сол жақ дөңгелегі жарылған. Себебі дөңгелекті ескі протекторын жаңа қалпына келтіріліп дәнекерленген. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бес адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Құрметті жүргізушілер, дөңгелекті таңдаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, лицензиясы бар, арнайы автодүкендерден сатып алуды сұраймыз, – деді Полиция департаментінің ЖПҚБ бастығы Мұрат Қалиасқаров.