«Аишаға ұшақ сыйлағым келеді»: әнші Бүркіт жан сырын ақтарды

Әйеліне түрлі сыйлық беріп, қуаныш сыйлағысы келетінін жасырмады.

Әнші Бүркіт жары Аишаға ұшақ сыйлағысы келетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Әнші журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында әйеліне түрлі сыйлық беріп, қуаныш сыйлағысы келетінін жасырмады.

“Аишаға үнемі сыйлық жасағым келеді. Жасап та жүрмін. Оның көңіл күйіне қарап тұрамын. Енді бір ұшақ сыйлағым келеді. Жеке ұшағымның болғанын қалаймын. Ұшқыш болу – бала күнгі арманым еді. Бірақ Аиша: “Ұшақты сен айдасаң, мен оған мінбеймін” деді. Маған сенбей тұр. Өйткені ұшақты өзім басқарғым келеді. Соның оқуын оқып, практикалық түрде үйренгім келеді. Жалпы жоспарда бар”, – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.