Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілді

FIE әлемдік рейтингінде 6-орыннан 4-орынға көтерілді.

Швейцарияның Берн қаласында 8-10 қараша күндері семсерлесуден әлем кубогының жаңа маусымдағы алғашқы кезеңі өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, командалық есепте Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимовтан құралған топ 35 команданың ішінен 7-орынға ие болды.

 Сондай-ақ олар FIE әлемдік рейтингінде 6-орыннан 4-орынға көтерілді. 

Айта кетейік, бұл нәтиже отандастарымызға алдағы жылдағы жарыстарда жоғары жетістіктерге жетуіне сенімділік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.