Олимпиада чемпионы Назым Қызайбайдың ұйғырша биі көпшілікті таңғалдырды

Бокстан биылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай бапкерінің тойында билеп, қызу талқыға түсті.

Боксшының бапкері Каменов Долкунжан 60 жас мерейтойын атап өтті, – деп жазады Aikyn.kz.

Тойда атақты боксшының қонақтармен бірге ұйғыр биін  билегенін аңғаруға болады. Қонақтардың дені оның өнеріне тәнті болып, ақша ұстатты. Тіпті ақшасы қалтасына сыймай, тақиясына салғанын жұрт қызу талқылап жатыр. 

Желі қолданушылары боксшы арудың жарасымды биін қызу талқылап жатыр. 

“Назым қызымыздың бапкері ұйғыр кісі, тойын бимен көтеріпті”, “Ұйғыр халқы қошемет көрсетіп жатыр”,  “Қимылы керемет екен”, “Жақсы бокстасып қана қоймай, күшті билейді екен”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.