Ауа райының бұзылуына байланысты екі республикалық автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жамбыл облысы:
- 2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 159-238 шақырым аралығында (Отар ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 535-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.
Түркістан облысы:
- 2024 жылғы 13 қарашада сағат 13:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 593-620 шақырым аралығында (Жамбыл облысының шекарасынан Тұрар Рысқұлов ауылына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына.
Жолды 2024 жылғы 13 қараша сағат 19:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.