Илон Маск АҚШ-та жаңадан құрылған министрлікті басқаратын болды

Бұл туралы Дональд Трамп мәлімдеді.

Илон Маск пен Республикалық партия атынан президент сайлауына бұрын үміткер болған кәсіпкер Вивек Рамасвами АҚШ-тағы жаңадан құрылған тиімділік министрлігін басқаратын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы жақында өткен сайлауда жеңіске жетіп, Америка президенті болып қайта сайланған Дональд Трамп мәлімдеді.

«Бұл екі керемет америкалық менің әкімшілігімдегі үкіметтік бюрократияны жоюға, пайдасыз шығындарды азайтуға және федералды агенттіктерді қайта құрылымдауға жол ашады», – деп түсіндірді Трамп.

Илон Маск болса CNN-ге берген сұхбатында мұның бәрі үкіметті тонаумен айналысатын көптеген адамның ашуын туғызатынын айтқан.