Алматыда ер адам әйелді тапаншамен қорқытып, ақша талап еткен

Қылмыс таңертең Алматының Алмалы ауданында болған.

Алматыда супермаркеттің есепшісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер супермаркет есепшісіне шабуыл жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады. Қылмыс таңертең Алматының Алмалы ауданында болған.

Тұрғын үйдің ауласында бейтаныс біреу әйелді тапаншамен қорқытып, одан ақша талап еткен.

Күдіктінің олжасы 400 мың теңге болды.

– Күдікті өзінің бетін шарфпен жапқан. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен, ал әйел полицияға өзіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Тергеу-жедел тобы құрылып, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Түске таман 39 жастағы күдікті ұсталды. Арнайы іс-шара қала орталығында, Абылай хан даңғылының бойында жүргізілді. Қаскөйдің шабуылды жоспарлағаны және үлкен пайдаға үміттенгені белгілі болды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Газ тапаншасы тәркіленді.