«Дариғаны қызғанамын»: актер Рүстем Жаныаманов шындығын айтты

Актер өнері мен шығармашылығы туралы сұхбат берді.

Актер Рүстем Жаныаманов өмірі мен өнері жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Актер журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбатында Дариға Бадықованы әріптесі ретінде қызғанатынын жасырмады. 

“Партнер ретінде қызғанамын. Қаншалықты күлкілі болса да айтайын, мен қызғанамын. Тамырым соғып кетеді кәдімгідей. Қанша дегенмен бауыр басып қаласың. Жарайды енді, өзің қара деп бұлданып қаласың. «Олжаспен түсейін деп жатыр екенсің ғой, жарайды, енді» деп қаламын кейде. Бұл енді әзіл, шын аралас әзіл ғой. ...Мен тек қана қуанамын. Өзіне де айтқанмын”, – деді ол.

Айта кетейік, "Келінжан" телехикаясында Қылышбектің рөлін сомдаған Рүстем Жаныамановтың картинадағы жұбы Дариға Бадықова болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.