«Жыл тойы болады»: әнші Ерке Есмахан той жасайтынын айтты

Әнші туған күнін тойламайтынын, алайда күйеуі қымбат сыйлық әперуге сөз бергенін жеткізді.

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында жазда той жасайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші туған күнін тойламағанмен, күйеуі қымбат сыйлық әперуге сөз берген. 

"Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол бір ай концертке дайындалған кезде мен бір ай бойы өзіме сыйлық алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шетелден алдырдым. Бұл соңы емес деп отырмын. Туған күнге әлі 15 күн бар. Әлі де толықтырып алайын. Сосын бәрін ашып көрсетемін. Жұғысты болсын", – деп жазды әнші желіде. 

Ерке Есмахан биыл өзінің және ұлының туған күнін тойламайтынын, жазда барлық қуанышын атап өтіп, үлкен той жасайтынын айтты.

«Туған күндер, қоныс той, тұсаукесер, сүндет той, бәрі жазда. Бұйыртса жыл тойы болады», – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.