Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы жарыста күміс медаль жеңіп алды

Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал, қола медалді канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Эстонияда өткен Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Софья үшінші орында тұрған еді. Алайда, еркін бағдарламада өз жағдайын жақсартып, нәтижесінде екінші орынға ие болды. Жалпы Самоделкина 173,25 ұпай жинады.

Бірінші орынды 192,48 ұпаймен Бельгиядан барған Нина Пинзаррон иеленді. Ал, қола медалді канадалық Сара-Мод Дюпуа 163,58 ұпаймен жеңіп алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.