Абақтыға піскен еттің ішіне телефон жасырып өткізбек болған тұтқын ұсталды

Павлодарда колонияда жазасын өтеп жатқан тұтқын піскен еттің ішіне телефон жасырып абақтыға өткізбек болған.

Жазасын өтеп жатқан тұтқын піскен еттің ішіне телефон жасырған. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

№44 қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан ер адам ұялы телефонды еттің ішіне жасырып алып келген. Жазасын өтеп жатқан ол бұрын мекемеден ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 143-бабы негізінде қалаға барып келген, мекемеге оралған соң тексеруден өтті. Тексеру барысында піскен еттің ішінде жасырылған ұялы телефон табылып, мекеме қызметкерлері оны тәркіледі. 

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.