Абай облысы прокуратурасы жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.
"Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес, аталған қызметкерлерге диплом берілмеген", – делінген хабарламада.
Осы фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі ("жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.