Қарағанды облысында Toyota Alphard көлігіндегі жеті адам қаза тапты

Қарағанды облысында жүргізуші мен алты жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

15 қарашада сағат 10.00 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолында, Қарағанды облысы Құрма ауылынан 2 шақырым жерде Toyota Alphard  автокөлігі апатқа ұшырап, жеті адам қаза тапты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші рульге ие бола алмағандықтан, көлік аударылып кеткен.

Жүргізуші мен алты жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы, 12 жастағы бала ауыр жарақат алып, дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы ауыр.