Петропавлда құтқарушылар үш жасар балаға көмек көрсетті

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

15 қарашада Петропавл қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде үш жасар бала байқаусызда есікті ішінен жауып алып, пәтерде жалғыз қамалып қалған. Ата-анасы үйге кіре алмай, құтқарушылар көмегіне жүгінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар алдымен жағдайды бажайлап, ақырында терезе арқылы пәтерге кірген.

– ТЖМ қызметкерлерінің жедел көмегінің арқасында оқиға оң шешілді. Осындай жағдайлар жиі болып тұрады, егер қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтасаңыз, олардың алдын алуға болады, – делінген хабарламада.