Әйелдер бастамаларын қолдау маңызды

Астанада Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 200-ден астам ауыл әйелдері көшбасшыларын, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін жинаған 7-ші Республикалық Ауыл әйелдері форумы өтті.

Іс-шара барысында ауылдық аймақтардың тұрақты дамуы, әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігі мәселелері талқыланып, гранттық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Форумға мемлекеттік органдардың жетекші өкілдері, оның ішінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Ауыл ша­руашылығы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қаты­сып, делегаттармен ашық диалог жүргізді. Форумда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауылдық жерлерде «жасыл» техноло­гияларды енгізу және қаржылық қолдау мәселелері сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды.

– Мемлекет, бизнес және қоғамдық ұйымдардың ынталы диалогының арқа­сында бүгінде ауылдағы әйелдер бастама­ларын қолдауға бағытталған көптеген перспективалық жоба іске асырылуда. Бұл әлеуетті тиімді пайдалану маңызды. Осы жерде бұл форумның оң рөлі ерекше. Фо­рум барысында қалыптасқан идеялар мен бастамалар қатысушыларды жаңа ше­шімдермен байытып, ауылдағы бір­­лес­кен жұмыстардың түрлі бағыттарын ны­ғай­туға септігін тигізетініне сенімдімін, – деп пікір білдірді Қазақстан ауыл әйел­дері Фору­мының ұйымдастыру ко­митетінің төрағасы, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Парламенті Мәжілісінің IV, V, VI ша­қырылымдарының депутаты Майра Айсина.

Ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдау құралдарының арасында Қазақстанда 12 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан және еліміздің әртүрлі өңірлерінен 110 000-нан астам әйелдерге бизнес негіздерін тегін оқытқан Coca‑Cola Belesteri немесе «Өсу сатылары» атты әлеуметтік жоба ерекше аталады. Бұл жоба арқылы https://ccb.kz білім алған 7 500-ден астам шағын бизнес құрылып, еліміздің барлық өңірлерінде 10 000-нан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында «жасыл» технология­ларды қолдана отырып, жеке қосалқы ша­руашылықтарды ұйымдас­тыруға арналған оқыту курстары ұсыны­луда, ол https://farmerschool.kz платфор­масы арқылы жүзеге асырылады.

– Coca‑Cola Belesteri жобасы Қазақстан бойынша әйелдердің экономикалық әле­уетін да­мы­туға бағытталған, ал Ауыл әйел­дері фо­ру­мы – мәселелер мен мүмкіндік­терді тал­қы­лайтын маңызды алаң, – деп атап өтті «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго. Олардың бірі – жастарды өнімді еңбекке тарту. Осы мақ­сатта биыл алғаш рет жастар үшін жаңа білім беру бағдарламасы ұсынылды, сон­дай-ақ жас жеңімпаздарға конкурс аясын­да бастауыш қаржылық қолдау ретінде 10 грант бөлінді.

Жоба ең үздік бизнес-идея бойынша бірдей аталған байқаудың жеңімпаздарына қаржылық қолдау көрсетеді. 2012 жылдан бері 150 әйел өз ісін ашу үшін грант алған. Биыл https://ccb.kz жобасында 30 грант қа­растырылған, ал өткен жылдары бұл көр­сеткіш 20 болған. Форумда алғашқы 14 грант табысталды, қалған 16 грант екінші кезеңнің жеңімпаздарына, байқау қаңтар айында аяқталған соң беріледі.

Форум гранттық байқаудың жеңімпаз­дарының өнімдерінің көрмесімен қатар өтті. Қатысушылардың арасында мал ша­руашылығы өнімдері, ұлттық дәстүрлерде жасалған киімдер мен текстиль кеңінен ұсынылды. Мысалы, тігін өндірістері Құрақ көрпе секілді классикалық бұйымдардан бөлек, ұлттық ою-өрнекпен безендірілген зығыр матадан жасалған киімдер, көшпе­лілердің этно үлгілері бойынша пастила, ірімшіктен чизкейк торттарын дайындау, балалар мен ересектерге ұлттық нақышта қыш бұйымдарын жасау бойынша курстар ұсынылды.

Форум мен жобаның ұйымдасты­ру­шылары – «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалиция» заңды тұлғалар бірлестігі және «Әлеуметтік Динамика» қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық әйелдер мен отбасылық-демогра­фиялық саясат комиссиясының қолдауы­мен жүзеге асырылуда. 

Форумға және «Өсу сатылары» жоба­сына қаржылық қолдауды The Coca-Cola Foundation қайырымдылық қоры көрсетеді.

Ә.САМАТҰЛЫ