Шавкат Рахмоновтың 7 желтоқсандағы кездесуі ресми бекітілді

Ол ирландиялық спортшымен жұдырықтасады.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – ирландиялық жеңіліп көрмеген файтер Иан Машадо Гэрри, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ирландиялық спортшы жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Ол UFC-ге 2021 жылы дебют жасап, сол уақыттан бері 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Жекпе-жек 5 раундқа жоспарланған.

Бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Біләл Мұхаммадпен жекпе-жекке шығуы тиіс болған. Алайда, денсаулығына байланысты тегі палестиналық спортшы бұл кездесуден бас тартты. Сол себепті басты жекпе-жектің орнына Рахмонов пен Гэрридің айқасы ұйымдастырылып отыр.