Алматыда жол апатынан екі автобустың жүргізушісі зардап шекті

Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Алматыда екі автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан екі қоғамдық көлік жүргізушісі зардап шекті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 16 қараша күні сағат 5:20-да Түрксіб ауданында болған.

Бекмаханов көшесінде екі автобус пен Chevrolet көлігі соқтығысты. Екі автобустың жүргізушісі де медициналық көмекке жүгінді. Басқа зардап шеккендер жоқ, – деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.