Астанадағы ауруханаға Ақмола облысындағы Сабынды ауылында шыққан жарылыстан зардап шеккен 16 адам жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде, тағы 7 адам Астана қаласындағы №1 қалалық аурухананың политравматология, эндопротездеу және комбустиология бөліміне орналастырылды. Алдын ала диагноз – әртүрлі дәрежедегі термиялық жалын күйік.
25-30 пайыз термиялық күйік алған үш бала Астанадағы №2 балалар ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды.