Құрма дене жасушаларын қорғайтын антиоксиданттарға бай. Олардың арасында А дәрумені, сондай-ақ көру қабілетін сақтауға көмектесетін каротиндер бар, – деп жазады Aikyn.kz Life.ru басылымына сілтеме жасап.
“Сонымен қатар, бұл жемісте C, P және B дәрумендері, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесі мен иммунитетке пайдалы калий мен магний бар. Құрмада ас қорытуды жақсартатын талшықтар да кездеседі”, – деп қосты дәрігер.
Маман дегенмен қант диабетімен ауыратын адамдар құрманы сақтықпен тұтынуы керек екенін түсіндірді. Себебі бұл қандағы қанттың күрт көтерілуіне әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарының аурулары өршіп тұрған адамдарға да құрма жер кезде абай болған жөн. Себебі оның құрамындағы таниндердің көп болуы асқазанда ауырлық тудыруы мүмкін.