Астанада жеке тұрғын үй өртеніп, төрт бала қаза тапты

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала көз жұмды, – деп жазады Aikyn.kz.

Тілсіз жау сөндірілді. 

«Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты», – делінген хабарламада. 

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде», – дейді Төтенше жағдайлар департаментінен.