Тұман, көктайғақ: 18 қарашада бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның көптеген аймағында ауа райы күрт нашарлайды.

Қазгидромет 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның көптеген аймағында ауа райы күрт нашарлайды.

Ақтөбе облысы

Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысы

Таулы аймақтарда тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысы

17 қараша кешінен 18 қараша сағат 20:00-ге дейін қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың екінші дәрежесі туралы ескерту сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман түседі.

Басқа аймақтар

Синоптиктер 18 қараша күні Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола және Ұлытау облыстарында тұман түсетінін болжады.

Қызылорда облысы

Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Түнде облыстың батысы, оңтүстігі және орталығында көктайғақ болуы мүмкін.

Түркістан облысы

Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, таулы асуларда жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына дайын болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.