17 қарашада Қостанай облысында қайғылы жағдай болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Тобол-Инфо» басылымына сілтеме жасап.
Бір отбасының 4 адамы, соның ішінде 3 баласы газдан уланып, көз жұмды.
Жексенбіде түскі сағат бір кезінде Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында отбасының 7 мүшесі өз үйлерінен табылды.
Төртеуі көз жұмған, бұл екі, үш, сегіз жастағы балалар және олардың 1957 жылғы атасы.
Басылымның хабарлауынша, отағасы, анасы және олардың 4 жасар баласы Арқалық қаласы ауруханасына жеткізілді.
Отбасы аз қамтылған санаттан болған. Отағасы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.