Елдос Сметов ағылшын тілін үйрену үшін шетелге кетпек

Бұл туралы спортшы "Ақтөбе" телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ағылшын тілін үйрену мақсатында Ұлыбританияның Лондон қаласына оқуға кетпек,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионатына арнайы қонақ ретінде шақырылған спортшы сұхбат барысында алдағы жоспары жөнінде айтып берді. Ол бүгінде ағылшын тілін үйренуді қолға алған.

– Келесі жылдың басында Лондонға 4 айға оқуға барамын. Арнайы ағылшын тілін үйрену үшін кетіп бара жатырмын. Құдай қаласа, Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) ағылшынша сұхбат беремін, – деді спортшы.