Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасының бапкерлер штабы Таиландтың Чиангмай қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын спортшыларды анықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, ел намысын құрлықтық додада 12 спортшы қорғайды.
48 келіге дейін: Әйгерім Саттыбаева
50 келіге дейін: Алуа Балқыбекова
52 келіге дейін: Жазира Орақбаева
54 келіге дейін: Сымбат Әлиасқар
57 келіге дейін: Ұлжан Сәрсенбек
60 келіге дейін: Виктория Графеева
63 келіге дейін: Аида Әбікеева
66 келіге дейін: Милана Сафронова
70 келіге дейін: Наталья Богданова
75 келіге дейін: Диана Мағауияева
81 келіге дейін: Гүлсая Ержан
81 келіден жоғары: Елдана Тәліпова
Айта кетейік, Азия чемпионаты 17 қараша-11 желтоқсан аралығында өтеді.