«Жұмыс сұ­­рау­шылар мұнай саласына бар­ғы­сы келеді, ал онда орын аз» – Серікбай ТРҰМОВ
«Жұмыс сұ­­рау­шылар мұнай саласына бар­ғы­сы келеді, ал онда орын аз» – Серікбай ТРҰМОВ
192
оқылды
– Серікбай Өтелгенұлы, облыс­­тың қазіргі экономикалық көр­сет­­кіш­терін қысқаша айтып кетсе­ңіз. Жұмыссыздық деңгейі, тартыл­ған инвестиция көлемі, облыс экономи­ка­сындағы шағын және орта бизнес­тің үлесі қанша? – Өңірдің әлеуметтік эконо­ми­калық дамуы – аймақтағы өнді­­рістік мекемелеріміздің әл-ауқа­ты­мен тығыз байланысты. 2018 жылы инвестиция 530 млрд теңге көле­мінде болатын. Өндіріс күшіне қа­рай біз өткен жылы 556 млрд тең­ге көлемінде негізгі капиталға ин­вес­тиция тарттық. 7 пайызға дейін өсім болды. Бұл – біздің өңі­рі­мізде өндірістік мекемелердің шо­ғырлануының нәтижесі, олар­дың шы­ғарып жатқан өнім­­дері­не байланысты келген қаражат кө­ле­мі. Жалпы, облысқа инвести­ция тартылғаннан кейін жұмыс ор­нының артуына, өңірге түсе­тін, бюджетке түсетін кіріс бөлі­мі­не де үлкен ықпалы тиеді. Сон­дықтан шамамыз келгенше өңір­ге инвестиция тартуға арнайы қыз­мет­терді үйлестіреміз. Биыл жалпы 714 млрд көлемінде инвестиция тартамыз деген жоспар бар. Өңір­де­гі мекемелердің, өндірістің мүм­кін­дігіне қарай мұндай қызметті ат­қаруға болады. Шағын және ор­та бизнеске келер болсақ, бұл ба­ғытта да күнделікті атқарылып жат­қан жұмыстар жетерлік. Әрбір аза­­мат өз қызметін жүргізіп, өзі алып жүре алатындай, табыс кө­зін таба алатындай мүмкіндігі бол­са, жұмыстың дұрыс үйлесім тап­қаны. Шағын және орта биз­нес­ті дамыту үшін шағын несие көлемін арттыруымыз керек. Олар­ды алдын ала оқытуымыз ке­рек. Кә­сіпкерлікті айтқанда оңай сияқ­ты, бірақ оның шығарған өнімі өту керек, әрі қарай дамуы керек. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қандай ба­ғытта дамытуы керек? Жақсы қыз­мет түрін тапса, ол өміршең бо­лар еді. Сондықтан алдын ала оқы­­тамыз. Оған бюджеттен ақша бө­лінеді. «Еңбек» бағдарламасы бойын­ша 4 пайызбен шағын несие бере­міз. Республикалық бюджеттен есеп­телетін 4 және 6 млн-ға дейінгі же­ңіл несие де бар. Облыстық бюджеттен қарас­ты­рылатын «Нұр капитал» шағын не­сие беру жобамыз да бар. Осы бағ­дарлама негізінде өткен жылы 2 млрд 400 мың теңге көлемінде ша­ғын несие бердік. 1-ақ пайызбен бері­летін несие болғандықтан, бұл – өте тиімді жоба. Биыл да жоба жал­ғасады. Несие жаңа жұмыс орнын ашамын дегендерге беріледі. Сауда-саттыққа бермейміз. Себебі бюджеттен берілетін қаражат 1 па­йыз­бен берілгендіктен жұмыс орны құрылуын басты назарға ұстаймыз. Кәсіпкер өнім өндіруі керек. Кәсібін жаңа бағытта жүргізуі керек. Несиені беру арқылы біз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытамыз. Мысалы, бізде 2018 жылы шағын және орта бизнес субъектісі 51 мың болса, 2019 жылдың соңында 53 мың болды. Шығарылып жатқан өнім­нің өндіріс көлемі 800 млрд тең­ге үстінде бағаланды. Бізде ша­ғын және орта бизнеспен айна­лы­са­тын адамдардың саны көбейіп келе жатыр. Аймағымызда 700 мың ха­лық болса, оның ішінде жұ­­­­мыс­қа қа­білеттісі – 320 мыңдай адам. Ша­ғын және орта бизнесте 30 пайыздан астамы жүр. Мемлекет жә­не Үкімет басшысының да біздің ал­дымызға қойып отырған талабы – шағын және орта бизнесті дамыту. Оны дамытсақ, халқымыздың әл-ау­қаты артады, әрбір адам өз кә­сі­бін жүргізіп, өзіне табыс та­ба­тын болса, бізге де жақсы. Биыл да «Ең­бек» бағдарламасы жал­ға­сын таба­ды. «Нұр капиталға» да жер­гі­лікті бюджеттен қаражат бөліп отыр­мыз. Бізде бірнеше қор бар. Ауыл­­шаруашылық қолдау қоры, не­сие беретін қор, олармен бірге жұ­мыс істейміз. – Ресми дерек бойынша, облыстағы жұ­мыс­сыздық деңгейі төмен. Бірақ Ста­тистика комитетіне сүйенсек, об­лыс­тағы бос 100 жұмыс орнына 215 резюме тапсырылады екен. Айталық, Қос­танайда 25 резюме түседі. Яғни, екі қолға бір күрек сұрайтындар көп се­кілді. Солай ма? – Расында да солай. Бізде аза­мат­тар жұмыс таңдайды. Жақсы жалақыға ұмтылады. Өндірістік меке­мелер көп болғандықтан аза­мат­тар жалақысы жоғары, әлеу­мет­тік көмегі бар мекемелерге бар­ғысы келеді. Жұмыс сұрап ке­ле­тіндер көп. Біз оларға түсін­ді­реміз. Арнайы жұмыспен қамту орталықтары бар. Атамекен кәсіпкерлік палатасының да атқарып отырған қызметтері бар. Кімге қандай бағытта жұмыс не кә­сіп қажет, өзіне тиісті ма­ман­­ды­ғына байланысты осы істер­ді үй­лес­тіреді. Жұмысқа орна­лас­тыруға байланысты арнайы жәрмеңкелер де өтеді. Алайда көбіне жұмыс сұ­­рау­шылар мұнай саласына бар­ғы­сы келеді. Бұл жерлерде жұ­мыс шек­теулі. – Жұмыссыздық мәселесі жаңа­өзен­діктерді жиі мазалайды. Мұның се­бебі неде? Аталған қалада бұл мә­се­лені шешу мақсатында қандай ша­ра­лар атқарылып жатыр? – Біздегі жұмыссыздық деңгейі республикалық деңгеймен бірдей. Со­ның ішінде Жаңаөзен қаласында төмен. Ондағы жұмыссыздық деңгейі – 2,9 пайыз, ал өзімізде – 4,8-5 пайыз. Жаңаөзен қаласында бірнеше бағыттар бойынша жұмыс атқарылуда. Бұрын «Өзенмұнайгаз» мекемесі жұмысқа адам алмайтын. «Мораторий бізде, бірде-бір адам ал­­маймыз» дейтін. Өткен жыл­дан бастап, мораторий дегенді жой­дық. «Өзенмұнайгазда» сер­вис­­тік мекемелерді қосқанда, 15 мың­дай адам жұмыс істейді. Жа­ңа­өзен қаласында 89 мың адам тұра­ды. Жұмыс болғаннан кейін зейнеткерлікке шығатындары бар, әртүрлі бағытта кететіндер бар. Оның орнын біз жыл сайын тол­ты­рып тұруымыз керек. Соған сәй­кес аутсорсинг мекемелер ар­қы­лы «Өзенмұнайгазға» тиісті тә­жі­­рибеден, тиісті тәлімгерліктен өт­кен азаматтар қабылданды. Өткен жылы біз 84 адамды негізгі өнді­рі­сіне жұмысқа алдық. Биыл да бұл жоба жалғасады. Жоспарымыз ша­ма­мен – 150 адам. Жаңаөзен қаласындағы аза­мат­тар «Ақтауға келем, біздің бер­ген ба­ғыттар бойынша облыс орта­лы­ғына келіп жұмыс істеймін» деп жатса, біз осы жерден арнайы жатақхана береміз, тегін. Жастар өз өмірін қаламен байланыстыруына бо­лады. Оған да жағдай жасап жа­тыр­мыз. Жаңаөзен қаласындағы ірі мекеме «Өзенмұнайгаз» ак­цио­­нер­лік қоғамына қызмет көр­се­те­мін, тапсырысын орындаймын деген компанияларды апарып жа­тыр­мыз. Ондағы мақсат – өнді­ріс­тік мекемелерді сол жерде шо­­ғырландыру, жұмыс орнын ашу. Жаңаөзен қаласы әкімдігі, «Өзен­­мұнайгаз» АҚ, Атамекен кә­­­сіп­­керлік палатасымен арнайы ме­м­о­рандум бар. «Өзенмұнайгаз» – жұмыс беруші, палата – «Өзен­­мұ­най­газдың» берген жұмысы­на қыз­мет көрсете алатын компа­ния­ларды шоғырландырумен айналысады. Премьер-Министр­дің арнайы жол картасы бағдар­ламасы бар. Бұл үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы «Өзенмұнайгаздың» қыз­метіне керек, жұмыс атқара ала­тын мекемелерді таңдайды. Біз оларға Жаңаөзеннен жер береміз, ол жерге тапсырыс орындаушы мекеме базасын орналастырады. Жаңа жұмыс орындарын ашады.  

Туризмді дамыту үшін жан-жақты, кешенді қарауымыз ке­рек. Рас, әуеқатынасы бойынша би­­лет­тің бағасы өте жо­ғары. Ер­тең маусым кездерінде бала­лар де­малысқа шығады, келім-кетім көбейеді, осы мәселені біз Үкімет алдына қой­дық. Президенттің де тікелей тап­сырмасы болды. Нәтиже шығады деп ойлаймыз.

  – Облыстың туристік әлеуеті мол. Бірақ облыс Қа­­­зақ­стан­ның өзге қалаларына алыс. Транспорт-логистика мәселесі, әуе, теміржол билет құны қалай шешіл­мек? Себебі кейде елордаға билеттің құны 60-70 мың теңге тұрады. Бұл – Мәс­кеуге баратын билет­тің құнымен тең. Осы мәселені шешу жолдары қалай жүруде? – Туризмді дамыту үшін жан-жақты, кешенді қарауымыз ке­рек. Рас, әуеқатынасы бойынша би­­лет­тің бағасы өте жоғары. Ер­тең маусым кездерінде бала­лар де­малысқа шығады, келім-кетім көбейеді, осы мәселені біз Үкімет алдына қой­дық. Президенттің де тікелей тап­сырмасы болды. Нәтиже шығады деп ойлаймыз. Теміржол қа­­ты­насына келер болсақ, мау­сым кезінде билеттің өсуі, алып­са­­­тарлардың қолына түсуі – ке­лең­сіз жағдайларды тудырған бола­тын, оған да Үкімет тосқауыл қойды. «Жол – экономиканың күре­тамыры» демекші, бізде біраз жол­дарымыз жаңарды. Өткен жылы «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан ше­карасы» автожолы қолданысқа берілді. Енді Өзбекстан тарапы да қажетті шараларын қолға алса, көрші елмен байланысымыз арта түспек. Одан бөлек, аудандар мен елді мекеннің арасын жалғайтын жол­дарымыз жөндеуден өтіп, кей­бірі жаңадан төселді. Осы ат­қа­рылған жұмыстар өңір эко­но­микасының өркендеуіне оң серпін берері анық. Жақында Өзбек­станда болдық, сол кезде жақын облыстардың ын­ты­мақ­­­тастық экономикалық мәсе­ле­леріне байланысты ар­на­йы меморан­дум­да­рына қол қой­дық. Маңғыстау об­лысынан бар­ған­дық­тан теңіз жаға­сында тұраты­ны­мызды, жақсы қонақүйлер салынып жатқанын, үлкен тарихи орындардың бар екенін, барлығын сол жерде пре­­зентация жасап көрсеттік. Көр­ші­лерімізді де біздің өңірімізді тама­ша­лауға, демалуға шақырдық. Елбасының тікелей тапсыр­ма­сына сәйкес туризмді дамытуға байланысты біраз жұмыстар атқа­ры­лып жатыр. Ақтау қаласының ірге­сінен «Жылы жағажай» аума­ғын­да көпфункционалды бес жұл­дыз­ды туристік-қонақүй кеше­ні салынуда. Жоспар бойынша биыл маусым айында ашылатын болады. Құрылыс алаңы 15 гектар, жобаны іске асыру құны шамамен – 65 млрд теңге. Қонақүй кешенін жұмысшылармен қамту мақсатында жергілікті студенттерден қонақүй және мейрамхана ісі мамандықтары бойынша 680 маман 1 айлық курстан өтті және сертификаты берілді. Биыл мамыр айына дейін 1 200-ден астам адамды оқыту жоспарлануда. Компания есебінен 200 адамнан тұратын ең табысты студенттер БАӘ-дегі Rixos отельдерінде (Дубай, Абу-Даби) тәжірибеден өтеді. Бұл кешен ашылғаннан соң туризмді дамытып ғана қоймай, жергілікті ха­лықты, оның ішінде жастарды жұ­мыспен қамтамасыз етеміз. Со­нымен қатар туристі тартуға, олар­­ға жақсы қызмет көрсету бағы­ты бойынша кәсіпкерлер жаңа құры­­лыстар салуда. – Көп жағдайда «облыс орта­лы­ғы Ақтауды гүлдендірсе, өңір да­мып кетеді» деген қате түсінік бар. Бейнеу, Қарақиян, Маңғыстау аудандарының дамуы үшін, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында қандай жұмыстар атқарылып отыр? – Ақтау қаласымен қатар аудан орталықтары да бірге дамуы керек. Бізде 58 елді мекен бар. Барлығының бас жоспары жасақталған. Яғни, олар­дың шағын және орта кәсіп­кер­лікті, ауыл шаруашылықты дамытуға мүмкіндіктері бар. Ауылда жастардың тұрақтап қалуы үшін жұмыс орнының болуы, мәдениет үйі, спорттық кешен болғаны жөн. Жасыратыны жоқ, кейбір ауылдарға мәдениет үйі керек, денсаулық сақтау саласының мамандарымен қамтылуы керек. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы негізінде дәрігерлерімізді, мұғалімдерімізді, спортқа керекті мамандарымызды тартып жатырмыз. Маңғыстау ауданы – тұрғындар тұрақты қоныстанып отырған аудан. Ол ауданның мал шаруашылығын дамытуға мән береміз. Өндірістік жағын да есептейміз. Жұмыс істеп тұрған цемент өндіру зауыты бар. Қарақия ауданында өндірістік сала да, ауылшаруашылық бағыты да қатар дамып келе жатыр. Ол жерде теңіз порты бар. Әрбір ауданның, қаланың өзін дамытуы жөнінде арнайы жоспары жасақталған. Ол жоспарды бекітіп отырамыз. Ол жоспарлар алдағы уақытта аудан, қаланың дамуына жұмыс істейтін болады. – Маңызды ауданның бірі – Мұ­найлы. Мұнда қандас бауырлар да, ішкі миграциямен келген өз азаматтарымыз да жиылып, халық саны артты. Алайда инфрақұрылым тұрғын санына сай болмай жатыр. Ертең бұл әлеуметтік жарылысқа әкелмей ме, оның алдын алу жұмысы жүргізіліп жатыр ма? – Ол облыс орталығына іргелес орналасқан аудан. Қазір халқының саны 170 мыңдай болды. Яғни, тез өсіп келе жатқан аудан. Ауданға қарасты елді мекендегі халықтың саны Маңғыстау ауданында тұратын халық санымен бірдей. Мәселен, Маңғыстау ауданында 35-36 мың халық болса, Мұнайлы ауданының бір ауылында сондай халық бар. Бұл – біз ұдайы көңіл бөліп, күн­делікті дамуына, әлуметтік жағ­дайына мән беріп отырған аудан. Халық саны өскеннен кейін әлеу­меттік мәселелер туындайды. Маңызды мәселе – жұмыс. Халыққа жұ­мыс орны, үйіне келетін кіріс көзі болса, бұл оның әлеуметтік жағ­дайы деген сөз. Ақтау қаласын да­мыта отырып, көршілес ауданға мүм­кіндік беріп отырмыз. Ақтау қала­сындағы қызметтерді Мұнайлы ауданы бірігіп атқарады. Жұмыс орны ашылса да, Мұнайлы ауданы көбіне-көп жұмысқа тартылады. Әрбір ауылды өз алдына жеке қарап отырмыз. Сумен қамту бағыты, әлеуметтік нысан салу бойынша бірінші кезекте Мұнайлы ауданына мән береміз. Өзін-өзі асырауы үшін шағын және орта бизнестің өсуі маңызды. Сондықтан жеңіл несиелерді Мұнайлы ауданына көбірек бағыттаймыз. Мұнайлыда биыл 1 мектеп, 2 қо­сымша мектеп іске қосылады. Жобалық-сметалық құжаттар да­йын­далып жатыр. Құжаттар дайын болғаннан кейін жеке инвесторлар тартылып отыр. Жергілікті бюджет, республикалық бюджет бар, осы қара­жаттарға байланысты құры­лы­сын салмақпыз. Бізде қазір 9 мектебіміз – үш ауысымда. Оның ішінде Мұнайлыда 4 мектеп бар. Бұл ауданда бала санының өсуіне байланысты болып отыр. Былтыр 19 мың бала 1 сыныпқа келді. Ал мектеп бітіріп жатқан түлектер саны – 5 500. Айырмасы – 14 мың. Мұ­най­лыда 16 бірінші сынып бар. Бірін­шіден, бұл – байлық. Екін­ші­ден, бұл бағытта жұмыс істеу керегін көрсетеді. – Маңғыстаудың қойны газға толы болса да ара-тұра тұрғындар, жүр­­гізушілер сол көгілдір отынға қолы жет­пей қалады. Мұның себебі неде? ؘ– Өйткені өзімізден шығатын газдың көлемі жетпейді. Қазақ газ өңдеу зауытынан айына 14 500 тонна газ шығады. Бізге 19 мың тоннадай газ керек, қыста 2 мың тоннадай, жазда 3,5- 4 мың тоннаға дейін газға сұраныс өседі. Біз Ақтөбеден қо­сымша газ алып отырмыз. Алай­да оның бағасы логистика шығын­­дарына байланысты жоғары бола­ды және сапасына байланысты тұтынушы тұрғындар сын айтады. Жетпесе не істейміз, алу керек, сату керек, сондықтан көбіне өз газы­мызды алса, кәсіпкерлік жақсы жүреді, түсім көбейеді, ал ақтөбелік газға байланысты жаңағыдай жағ­дай соған орай туындап отыр­ған мәселе. Мұны шешу үшін Атаме­кен кәсіпкерлік палатасымен бірге жұмыс істейміз. Ай сайын газ бағасының тұрақты бағасы ба­қы­лауда тұр. Газ саудасының өз заң­дылығы бар. Қазір электронды сауда айналымына газдың 25 па­йы­зы шығарылып, әрбір кәсіпкер өз ке­ңсесінде отырып, газды алып, сат­уға мүмкіндігі бар. Мұның шек­теу бағасы қойылды. Ақтөбе ғана емес, Атыраудан да газ беріліп жа­тыр. Атырау, Ақтау болсын, бізде газ үне­мі қолжетімді тұруы керек және ба­ға негізсіз өспеуі керек.    width=   – Облыс экономикасына құйы­ла­тын инвестицияның көлемі аз емес. Бірақ оның басым бөлігі мұнай мен газ секторына бағытталады. Ал ши­кі­заттық емес салаға қаражат тарту мәсе­лесінің жайы қандай? – Өңірдің экономикасының 80-85 пайызы – мұнай мен газ са­­ла­сына тәуелді. Біз бұдан ке­туі­­міз керек. Шикізат өндірісі­нен басқа өндіріс көздерін өр­бі­­туіміз қажет. Бұл жағдайда ауыл­­­шаруа­шы­лық саласын да үлкен дең­гейге шы­ғарамыз деп айту қиын. Себебі табиғи жағдайға байла­ныс­­ты Маң­ғыстауда бидай еге ал­маймыз. Көкөністерді жоғары деңгейде сапалы шығарамыз деп айта алмаймыз. Климаттық жағ­дай, жердің құнарсыздығы, су көздерінің жетіспеушілігі – осын­дай қиындықтар бар. Біздегі бағыт – көкөністі жылы­жай­ларда өсіру, жылыжайлардың көлемін өсіру. Көкөністі өсіруді әрбір ауданға жоспарлап отырмыз. Кем дегенде 1 гектар жылыжай салу керек. Тағы бір дүние – құс өсіретін орындарды дамыту. Өңірді 5 мың тоннадай құс етімен қамтамасыз ететін «АқтауАгро» құрылыс кешені салынып жатыр. Біз оларға қолдау көрсетіп, инфра­құрылыммен қамтамасыз етуге, «Бизнестің жол картасы» бағ­дар­ла­масына сәйкес, негізгі жоба­лар­ды беріп қойдық. Қаражат келетін болса, инфрақұрылымын тартып бере­міз. Кешеннің құры­лы­сы салы­нып жатыр. Ауыл шаруа­шы­лы­ғына керекті жемді осы жер­ден шығару үшін «Жамалбек» де­ген кәсіпорын жұмыс істеп жа­тыр. Осыған орай, ғылы­ми тәжірибелік станса құрдық. Мақсат – ғылымға жүгіну. Біздің тер­риториямызға қандай өнім, қан­дай өсімдік өсіруге болады, қан­дай малдың басын көбейту қо­лайлы, қай шаруашылық біз­ге тиімді, ол үшін дәлелдеп бер­ген жүйеге сүйенеміз. Бұл – ар­найы мекеме, өз мемлекеттік үле­­сі­міз бар. Тиісті мамандарды ша­­­қы­рып отырмыз. Өңірімізді зерт­­теп, дәлелдеп, дәлелді құжат­тар жасап береді. Мұндай ғы­лыми тәжірибелік орталықтар айма­ғы­мызда ертеректе Кеңес Одағы кезінде болған. Басқа өңірде мұн­дай стансалар әлі бар. Солардың тәжірибе­сін алып отырмыз. Осы­ған тиісті ма­мандарды тарта оты­рып, Маң­ғыс­тауда қандай мал, өсім­дік өсіру керек, жұмыстанатын бола­мыз. – Көрші Атыраудағы соңғы жұ­мыс­шылар арасындағы қақтығыс әлі есімізде. Маңғыстауда да ше­тел­­дік қызметкерлер жеткілікті. Вах­та­мен істейтін өз азаматтарымыз да аз емес. Еңбек жанжалының алдын алу үшін облыс басшылығы шаралар қабыл­да­ды ма? – Бізде үлкен өндірістік меке­мелер, оның ішінде мұнай меке­ме­лері, шетелдік компаниялар мен ­шетелдік жұмыс күші бар. Мұн­дай келеңсіздіктің алдын алу мақ­сатында арнайы комиссия тобы, мемлекеттік құрылымдар, кәсіп­одақ жұмыс істеп отыр. Өңірдегі барлық мекемелердің әлеуметтік қолдаулары, еңбекақылары көрсе­тіл­ген ұжымдық шарттарына қол қойылды. Өткен жылы шетелдік жұмыс күші бар мекемелерді тек­серіп, қарадық. Шетелдік ма­ман мен біздің маманның еңбека­қы­сының айырмасы үлкен екенін байқадық. Екеуінің атқаратын жұмысы бірдей, бірақ шетелден келген маманның еңбекақысы жоғары. Мысалы, дәнекерлеуші, механик, өндіріс шебері маман­дық­тары өзімізде бола тұра шетелден келіп, сол жұмыстарды атқарып жүрген мамандар бар. Сондай-ақ вахталық жүйемен жұмыс істейтін жұмысшылардың тұрып жатқан жұмыс орнындағы тамақтану, сани­тарлық жағдайларда орын алған кемшіліктер бар. Осындай бірқатар 44 қателік анықталып, мекеме басшыларына ескерту берілді. Тиісті айыппұл салынған мекемелер де болды. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы арақатынас, еңбек шартының тиімді болуы – біздің бақылауымызда. – Бүгінде Ақтау қаласында ірі құрылыс жүріп жатыр. Қаншама тұрғын үй кешендері салынуда. Бірақ ертең Алматы, Нұр-Сұлтандағыдай құрылысқа ақша салғандарды алдап соғатындар кездесіп қалмай ма? Алаяқтардың жолын кесетін шаралар қабылданды ма? – Тұрғын үй кешенін салу бары­сында үлескерлер мен құры­­лыс компаниясы арасында мәселе болды. Қалада тұрғын үй саласында алдап кету, ақшаларды жинап алып, құрылысты уақытында салмау, уа­қытында бітірмеу, тіптен са­лын­бай жатқан үйді салып жатыр­мыз деп ақша жинау секілді жағ­­дай болды. Біз құрылыс сала­сы­на тиісті заңдылықтармен тұр­­ғын­­дарды ескертіп жатырмыз. Өкі­­нішке қарай, тұрғындар тара­­­пы­нан өз қаражатын бітпей тұр­ған үйге салу тыйылмай тұр. Үлес­кер­лік за­ңына байланысты үй бітпей, үй­дің жобалық-сметалық құ­жа­ты болмай, үй құжаттары жер­гілікті атқарушы органмен ар­найы бекітілмей, қаржы жинау да, салу да заңсыз. Біз құрылыс ком­паниясын заң алдындағы жа­уап­­кершілікке тартамыз. Сот оны соттау жөнінде үкім шығаруы мүм­­кін, бірақ үлескерлердің ақ­ша­сын кім қайтарады? Сондық­тан бізге бұл іске араласуға тура келді. Тұрғын үй құрылысын салушы ком­паниялармен де, кәсіп­кер­лер­мен де кездесіп жиналыс жасадық. Онда тұрғын үйдің сапасы, сыртқы келбеті, сәулеті, орналасқан жері бас жоспарға сәйкес болуы және заң­ды болуы туралы талап қойыл­ды. – Маңғыстау – жағасын Каспий шайып жатқан облыстың бірі. Сон­дық­тан экология мәселе­сін сұрамай кете алмаймын. Итбалықтың жаппай қырылуы, браконьер шабуылының азаймауы, компаниялардың теңізге қал­дықтарын ағызуы секілді мәсе­ле­лер тұрғындарды алаңдатады. – Экологиялық жағдайға мән беруіміз керек. Халықтың ден­сау­­­лығы – басты орында. Өңір хал­­қы­ның 50 пайызы Каспий теңі­зі­­нен су ішіп отыр. Сондықтан теңіз суының таза болуы – ма­ңыз­­ды. Теңіздегі браконьерлік шабуылдарға тойтарыс беруді Кас­пий маңы елдерімен бірлесе оты­рып ұйымдастырамыз. Каспий теңі­зі­нің мәртебесіне байланысты өт­кен Саммит отырысында 5 ел президенті тиісті құжаттарға қол қой­ды. Әрі қарай жандандыру үшін үкіметтік деңгейде жұмыстар атқа­рылып жатыр. Бекіре балы­ғына мораторий қойылса да, оны аулау әлі де тоқтамай тұр. Ше­­кара қызметінің жұмысы, ба­лық­ты қорғау жұмыстары бағы­тын­да министрлікпен бірігіп жа­тыр­мыз. Каспий теңізі ғана емес, Қошқар ата жасанды көлінің ай­на­ласына жасыл белдеу құру үшін шөлге төзімді өсімдіктерді өсіру бойынша, бұрынғы ХГМЗ, ЗПМ зауыттарының зардабын жою бойынша біраз жұмыстар атқары­лып жатыр. Олар алдағы уақытта өз нәти­­жесін береді. – Әңгімеңізге рақмет!   Сұхбаттасқан Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙҚЫЗЫ