Ақтөбе қаласында өткен дзюдодан Қазақстан чемпионаты ресми түрде аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ел чемпионатының соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар бойынша үздіктер анықталды. Өте тартысты өткен финалдық кездесуде Алматы қаласының спортшылары Алматы облысының дзюдошыларын 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атағына ие болды.
Финалист Алматы облысы екінші күміске қол жеткізсе, Атырау және Қарағанды облысының дзюдошылары командалық жарыстың қола жүлдегері атанды.
Сайыс барысында әйелдер 57, 70, +57 келі, ал ерлер 73, 90, +90 келіде белдесті.
Былтырғы чемпион саналған Қызылорда облысы өз атағын қорғай алмады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.